Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5919 0 пікір 15 Мамыр, 2015 сағат 11:18

САЯСАТТАНУШЫ «ҚАРА ТІЗІМГЕ» ЕНГЕНДЕРДІ ДЕ ҚОСЫП КІТАП ШЫҒАРДЫ

Белгілі саясаттанушы А. Чеботаревтың «Тәуелсіз Қазақстанның саяси ойы:динамика, идеялар, бағалау» атты кітабының  жарық көргеніне біраз болды.

Кітапта тәуелсіз Қазақстандағы мемлекеттік құрылысқа тікелей әсер еткен саяси күштер мен тұлғалардың идеяларына, көзқарасына, әлеуметтік-саяси платформаларына қызықты талдау жасалған.

Мәселе, еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі саяси-идеялық мұра жөнінде. Сол кездегі идеялар күресі қалай жүрді, тұғалар бір-біріне нендей әсер етті деген сұрақтарға баға беріліп жан-жақты қарастырылған.  Сонымен бірге кітап авторы саяси көзқарасына қарамай, биліктің «қара тізіміне» енген азаматтардың саяси тұғырнамасына   баға беруге тырысады. А. Сәрсенбайұлының, З. Нұрқаділовтың, Б. Әбіловтың, Е. Асаебаевтың көзқарастары бүкпесіз жазылған.Мұның өзі феномен.

 Сонымен бірге, бүгінгі биліктің де «ақ пен қарасы» жақсы ашылған...

Ғылыми- сараптама түрінде жазылған туындыда жоғарыда айтылған тұлғалардың саяси көзқарастарының өзгеруі, оның салдары, одан шығатын қорытындылар шебер берілген тәрізді.

Аяққы кездері саяси мемуаристика, саяси сараптама жанры ақсап қалғандығы белгілі. Бұл кітаптың құндылығы – осы «үлкен алаңды» толтыруға біраз болса да үлес қосатын тәрізді.

Кітап, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, сонымен қатар бүгінгі саясатқа қызығушылық танытатын барлық кітап сүйер қауымға арналған.

 

Ерлан Сайров, саясаттанушы.

Абай-ақпарат. 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706