Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5362 0 пікір 7 Мамыр, 2015 сағат 10:54

«МАТУРИДИЛІК МЕКТЕБІ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ОНЫҢ БҮГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІН ТАЛҚЫҒА САЛУДА 

4-ші мамыр күні Ахмет Ясауи университетінде «Матуридиліктің өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық симпозиумы басталды. Гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Дінтану» кафедрасы және Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институты бірлесе отырып ұйымдастырған симпозиум бүгін аяқталады.

Симпозиум әдеттегідей Қазақстан мен Түркия мемлекетінің әнұранымен басталды. Атаулы іс-шараны ашып берген ХҚТУ Даму және қаржыландыру жөніндегі вице-президент М.Нұрсой және Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президент Т.Раймбердиев келген қонақтарға алғысын білдіре отырып қатысушыларға сәттілік тіледі. Симпозиум координаторы профессор Сөнмез Кутлу ат салысып қол ұшын берген ұйымдастырушыларға, шетел және Қазақстаннан келген қонақтарға алғысын білдіріп, симпозиумның негізгі мақсатына тоқталып: «Жалпы ислам ойлау жүйесінде (түсінігінде) оны түсіну, пайымдау және оның шарттарын орындауға қатысты әртүрлі түсініктер пайда болды. Бұлардың бір бөлігі проблемаларды шешуде күш қолдануға, ал бір бөлігі ақыл-ой таразысына салуға, енді бір бөлігі салт-дәстүрге сүйенуге, ал келесі бір бөлігі мистикалық тәжірибеге сүйенуге тырысты. Әбу Ханифа мен Имам Матуриди мұсылмандардың проблемаларын шешуде ақыл-ой таразысына сүйену тәсілін алға тартты. Сол себептен оларды ақыл-ойдың жақтастары деп атады», - деді.

Аталмыш іс-шараға Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Түркменстан, Азербайжан және еліміздегі түрлі ұйымдар мен ЖОО-дан профессорлар, қонақтар келді.

Симпозиум модераторы университет вице-президенті, профессор Т.Райымбердиев президиум мүшелерін таныстыра кетті. ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Аңсар Өсербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Дін істері комитеті Дінтанулық сараптама басқармасының басшысы, теология докторы Мырза Балғабек, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Камил Самигуллин, Башқұртстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі Артур Ахмеров, Түркия, Измир қаласы, Докуз Ейлюл университеті,  Дінтану факультеті профессор Ханифи Өзжан, Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры Досай Кенжетай, Қырғыстан республикасы Ош мемлекеттік  университеті, Теология факультетінің профессоры Зайлабиддин Ажимаматов осы халықаралық симпозиумға шақырғандары үшін алғысын білдірді және  Имам Матуриди мен оның Матуридилік мектебі туралы тоқтала кетті.

Баяндамашылар ұлы ғұлама Имам Матуридің өмірі, ғылым білімге қосқан үлестері, Самарханд қаласында Имам Матури тарапынан негізі қаланып, кейіннен оның ізбасарлары арқылы түркі халықтарының арасына тараған Матуридилік жолы түркі халықтарының діни, қоғамдық және мәдени бірлігі жолында маңызды роль атқарғандығы,  

Матуридидің ойлау жүйесіне жалпы шолу, Матуриди мұрасының Қазақстанның болашағы тұрғысынан маңыздылықтары туралы баяндама жасады.

Үш күнге созылаған Халықаралық симпозиум үш тілде өтіп жатыр: қазақша, түрікше және ағылшын тілдерінде.

 

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347