САЙЛАУШЫЛАР САҚАДАЙ САЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУ КӨРСЕТКІШІ САҒАТ 18.00-ГЕ ДЕЙІН - 89.69% ЖЕТТІ
Астанада өтіп жатқан ОСК брифингінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев ҚР Президентін сайлау науқанына сағат 18:00-ге дейін келген сайлаушылардың саны туралы мәліметті жария етті.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сүйене отырып ол: «Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 89,69 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған» деп мәлімдеді.
- Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 94,81%, Ақтөбе облысы бойынша – 85,05%, Алматы облысы бойынша – 91,17%, Атырау облысы бойынша – 92,96%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 93,55%, Жамбыл облысы бойынша – 92,97%, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 90,16%, Қарағанды облысы бойынша – 91,12%, Қызылорда облысы бойынша – 93,68%, Қостанай облысы бойынша – 91,27%, Маңғыстау облысы бойынша – 88,45%, Павлодар облысы бойынша – 90,23%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,86%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,55%, Астана қаласы бойынша – 88,29% және Алматы қаласы бойынша – 73,17% сайлаушы сайлау уачаскелеріне келіп дауыс беріп үлгерді, - деді М.Сәрсембаев.
Abai.kz