Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Жаңалықтар 5497 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 16:29

БҰЛ САЙЛАУ ӨЗГЕ САЙЛАУЛАРДАН ӨЗГЕШЕ ӨТІП ЖАТЫР

 

2015 жылғы Президент сайлауы сайлаушыларының көптігімен Қазақстан тарихына кіреді. Саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz.

 

«Орталық сайлау комиссиясы мен жергілікті әкімдіктер сайлаушыларды дауыс беруге шақыру бойынша үлкен жұмыс тындырғаны көрініп-ақ тұр. Бүгін дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың екенін атап өткен жөн. Меніңше, бұл жолғы сайлау науқаны ең ұйымдасқан, сайлаушылар санының көптігімен тарихқа енеді», - дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, сайлау учаскелеріндегі адамдардың көптігі азаматтардың саяси мәдениетінің өскенін көрсетеді.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1132
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1572