Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7127 0 пікір 24 Сәуір, 2015 сағат 11:49

«АШЫҚ ҮКІМЕТТІ» ДАМЫТУ ТЕТІГІ КРАУДСОРСИНГ

«Ашық үкімет» тетігі арқылы азаматтар барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді тартылуы тиіс идеясы елімізде жүзеге асырылатын институционалдық реформалардың бірі.

 

Соңғы уақытта саяси үдерістерге азаматтарды тартудың жаңа әдісі ретінде «краудсорсинг» әдісі қолданылуда, әсіресе, әр түрлі краудсорсингтік шаралар өткізу технологиясы үлкен танымалдыққа ие болғанын атап өту керек.

Краудсорсинг халықтың пікірін ескеру, саясатқа араластыру технологиясы ретінде 2003 жылдан бастап қолданыла бастады. Бұл термин мемлекет және қоғам, бизнес алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында ақпараттық технологиялар негізінде адамдардың ресурстарын жұмылдыру үдерісін білдіреді.

Краудсорсинг жиі әр түрлі заң жобаларын әрі басқа да мемлекеттік бастамаларды талқылауда бірінші ккезекте қолданылады. Әдетте талқылаулар дауыс беру арқылы онлайн режимде, не нақтылы пікірлерді жинау жолдарымен жүзеге асырылады.

Краудсорсинг, басқа да тәсілдермен қатар, саясаттағы азаматтық белсенділік үшін жаңа мүмкіншіліктер беріп, демократиялы қоғам мақсатына жетуге негіз болады. Сол себепті, транспарентті және есеп беруші мемлекет дамыту идеясын краудсорсинг технологиясы негізінде жүзеге асыруға болады.

Алуа СЕРІКҚЫЗЫ, саясаттанушы


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 874
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2281
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 586
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 565