Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6187 0 пікір 29 Қыркүйек, 2010 сағат 21:56

Ерсайын ЕРҚОЖА. 18 жылда 12 министр ауысқан білім қайтіп оңады?

Тәуелсіздік алған 19 жылда білім саласы көптеген өзгерістер мен реформаларға ұшырады. Білім министрлігі 1991 жылдан 2010 жылға дейін аттарын 8 рет өзгертті. Ол денсаулықпен, мәдениетпен, спортпен, туризммен де қосылды. Ал өткен аптада тағайындалған Бақытжан Жұмағұлов - он бірінші министр. Сонда орта есеппен әр министр бір жылдан асар-аспас уақыт қана отырған, ал министр болып сантехник те, инженер де, ауылшаруашылық маманы да, экономист те, жазушы да, журналист те, тіпті мектепте бір күн жұмыс істеп көрмеген адам да басшылық жасаған. Соның кесірінен 18 жылда білім саласы пайдасы жоқ реформалардан көз ашпады.

 

Министрлер судай сапырылыс­қан осы жылдар ішінде мектеп пен білімге қатысты сегіз реформа жүргізіл­ген, жеті рет толықтырумен үш заң, бес білім стандарты, бес тұжырымдама қа­былданған, «екі төл оқулық» қайта жазылып, сансыз бағдарламалар түзілген, екі рет білім және ғылым қызметкер­лерінің съезі, сондай-ақ көптеген конференциялар мен семинарлар өткен.

Тәуелсіздік алған 19 жылда білім саласы көптеген өзгерістер мен реформаларға ұшырады. Білім министрлігі 1991 жылдан 2010 жылға дейін аттарын 8 рет өзгертті. Ол денсаулықпен, мәдениетпен, спортпен, туризммен де қосылды. Ал өткен аптада тағайындалған Бақытжан Жұмағұлов - он бірінші министр. Сонда орта есеппен әр министр бір жылдан асар-аспас уақыт қана отырған, ал министр болып сантехник те, инженер де, ауылшаруашылық маманы да, экономист те, жазушы да, журналист те, тіпті мектепте бір күн жұмыс істеп көрмеген адам да басшылық жасаған. Соның кесірінен 18 жылда білім саласы пайдасы жоқ реформалардан көз ашпады.

 

Министрлер судай сапырылыс­қан осы жылдар ішінде мектеп пен білімге қатысты сегіз реформа жүргізіл­ген, жеті рет толықтырумен үш заң, бес білім стандарты, бес тұжырымдама қа­былданған, «екі төл оқулық» қайта жазылып, сансыз бағдарламалар түзілген, екі рет білім және ғылым қызметкер­лерінің съезі, сондай-ақ көптеген конференциялар мен семинарлар өткен.

Тек 2000-2004 жылдар аралығында ғана төртінші министр басқарып тұр­ғанда төрт бағдарлама қабылданған. Қ.Көшербаев 2000 жылдың қараша айының аяғында «2005 жылға дейінгі білім беруді дамыту туралы» бағдар­ламасын ұсынса, Н.Бектұрғанов 2001 жылы «2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту стратегиясын» жасаған. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, 126 құ­жат пен арнайы бағдарламалар дайындалыпты.

Ш.Беркімбаева 2003 жылы «Ауыл мектебі» бағдарламасын, Ж.Күлекеев 2004 жылы «2015 жылға дейінгі білім бе­руді дамыту» тұжырымдамасын қабыл­да­ды. «Іс тетігін кадр шешеді» деген қағи­даны білеміз. Елімізде 700 мыңдай мұғалім бар. Солардың 1/4-інің маманды­ғы, ал 1/3-інің жоғары білімі жоқ. Соларды дайындап келген 19 педагогикалық оқу орны материалдық- техникалық базасына, оқытушы-профессорлар құра­мы­на қарамай, 1997 жылы Иманғали Тасмағамбетов вице-премьер, ал Мұрат Жұрынов министр кезінде бір бұйрық­пен университеттер мен академиялар болып шыға келді де, оларда тек экономистер мен юристер ғана дайындады. ҚР президентіне бірнеше хат жазып, 2000 жылы 27 қазан­дағы президент әкімшілігінде Білім министрлігінің басшылары қатысқан жиында дәлелден­геннен соң, 2004 жылы сол оқу орын­дарының төртеуі ғана қалпына келді.

«Білім негізі бастауышта қаланады» деген сөз бар. Мен бұған «тәрбие негізі балабақшадан басталады» дегенді қосар едім. Тәуелсіздік алғанға дейін 8881 балабақша 1 млн 162 мың баланы 2 айдан 6 жасқа дейін тәрбиелеп, мектепке дайындайтын. Сол тұста 6 жасқа дейін­гілердің 47,9%-ы ал 7 жасқа дейінгілердің 94,4%-ы балабақшамен қамтылған болатын. Бір Алматының өзінде 338 балабақша жұмыс істеген. 2007 жылы соның 126-сы ғана қалды. Бұлайша құлдырау бүкіл еліміз бойынша жүрді. Республика бойынша бұл көрсеткіш сол жылдары 1100-ден асатын ғана бала­бақ­шаның қалғанын аңғартты. Қазір балаларды балабақшамен қамту көрсет­кіші қалада 10%-дан асса, ауылдық жер­лерде 2%-дай ғана.

Енді оның әсері қандай? Кеңес Ода­ғы кезінде 1-сыныптың 1-тоқсанында балалардың 95%-ы үлгеретін, ал қазір 1- тоқсанда 95%-ы - үлгермейтіндер.

Мұғалімдер қазір көп жеңілдіктен айырылған. Мәселен, қосымша жұмыс­тарға қаржы төлеу тоқтатылды. Апталық жүктемелері 14 сағаттан 18 сағатқа артты. Ал жоғары оқу орындары оқыту­шыларының жылдық сағаттары 720-дан 1,5 мыңға дейін көтерілді, ал докторлық, кандидаттық және басқа атақтарға қосымша қаржы төлеу кейінгі 5-6 жылда ғана қолға алына бастады.

Кәсіптік училищелер (мектептер), арнаулы орта білім беретін оқу орындары туралы бұдан да сорақы мысалдар келтіруге болады. Олар үшін респуб­ликалық бюджеттен жоспарлы қаржы бөлінбеді, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мүлде қолға алынбады. Соның салдарынан бүгінгі күні арнау­лы білімі бар орта білімді мамандар мен жұмысшылардың жетіспеу­ші­лігі туып отыр.

Барлық оқу мекемелерінің матери­ал­дық-техникалық базалары бүгінгі күн талабына сай емес. Себебі, Білім ми-нис­тр­лігі «білім индустриясымен» мүлде айналыспай отыр. Оқулық, стандарт, оқу жоспары жүйесіз дайындалып жатыр. Олар 10-11 жылға дайындалуы керек еді, ал бізде 2-3 жылда бір рет дайындайды да, барлығын әуре-сарсаңға салады. Білім мекемелеріне, қызмет­кер­леріне әдістемелік, практикалық көмек беру 1997 жылдан тоқтатылған. Себебі, әр министр өзінше орталықтар ұйымдастырады, қазір әртүрлі орталық­тардан көз аша алмай­сың, пайдасы шамалы, жүйелі жұмыс жоқ.

Білім қызметкерлерінің мамандығын жетілдіру жағы да сын көтермейді. Бұрын 3-5 жылда міндетті түрде білімін жетілдіріп тұратын болса, осы 15 жылда бірде-бір рет білімін көтермегендер кездеседі және оның сапасы өте төменгі жағдайда.

Оқушы мен студенттерге алдымен ке­ре­гі оқулық екені түсінікті, енді осы­ның жағдайы қалай? И.Тасма­ғамбетов, М.Жұрынов кезінде 1997 жылдың наурызынан 2-3 айдың ішінде асығыс «оқу­лықтар» дайындалып, бірден экспе­риментсіз (сынақсыз) мектептің бірінші сыныбына ендіріліп кетті, алғашқы жарты жылдықта 2002 жылға дейін оқу­шылар оқулықсыз оқыды. Осы үдеріс күні бүгінге дейін жалғасын табуда және 10 сынып жылда жүйелі, сапалы оқулықпен қамтамасыз етілмей келеді. Оқулықты академиктер, профессорлар, докторлар жазды деп тақиямызды аспанға атамыз, ал сонда тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлер қайда? Қазір математиканы физик, химик, ал химияны биолог, географ жазған­дықтан, оқулық сапасыз шығып жатыр. Мысалы, 17 беттен тұра­тын оқу-лық бола ма? Оның бағасы ша­рықтап, 3-3,5 есеге көтеріліп кетті.Олар бүгінгі күнге дейін эксперименттен дұ­рыс өт-пей, технология сақталмай отыр,

Кеңес Одағы кезінде 894 мың адамға 1 ғылым докторынан келсе, Қазақстанда 140 мың адамға 1 ғылым докторынан келіп отыр. Кеңес одағы кезінде педагогика саласынан бар-жоғы 10 ғылым докторы болса, ол қазір 300-ден асқан. Ал Әбілқасымова Алма сияқты төрайым­дар 10 жылда 4 жерде басшы болады. Жұмыс істеген жерінің бәрінде үстінен шағым айтушылар көп. Олар президентке, премьер-министрге, білім ми-н­ис­тр­іне жазғанменен, әзірге еш нәти-же болмай тұр. Ал кейінгі кезде жұмыс істеп жатқан «Оқулық» орталығы туралы да аз айтылып жүрген жоқ, оның пайдасынан оқулыққа келтіріп отырған зия­ны көп. Мына мысалдан-ақ оның еш­теңеден хабары жоқ екені белгілі. «Мектепте 1000-ға тарта оқулықты оқу про-цесінен алып таста­дық, 300-ін экспериментке жібермедік, - деген ми- н­истр­дің сөзі - ол Әбілқа­сы­мованың кел­тір-ген мысалы, ал мектепте бар-жоғы 120-140 қана оқулық бар.

Он біржылдықты сапалы оқулық­пен, оқу-әдістемелік кешенмен 18 жылда қам­тамасыз ете алмай отырып, 2008 жылы 12 жылдыққа көшеміз деу - барып тұрған бассыздық еді. Себебі, 2003-2004 оқу жылында 56 тірек мектебінде, ал 2004-2005 жылы 77 тірек мектебінде «экс­перименттерін» оқулық­сыз, стандартсыз, оқу жоспарынсыз, бағдарла­масыз, оқу-әдістемелік ке­шен­сіз, кадр-сыз бастап жіберді. Ол эксперимент 2015-2017 жылы аяқталуға тиіс. Сонда 12 жылдық оқудың жетістігі, кемшілігі белгілі болады, оны түзеу үшін 2-3 жыл тағы керек. Сондықтан дайын­дық дұрыс болуы үшін, 2017-2020 жылдары ғана көшкеніміз дұрыс. Міне, осыны әлде­неше рет айтып, президентке қай­та-қайта хат жазғанымыздан кейін ғана 12 жылдыққа көшу науқаны 2015 жылға шегерілді.

Мектепке жанама мекемелердің назардан тыс қалуының нәтижесінде спорт, музыка мектептері, оқушылар, жастар шығармашылық үйлері, жас техниктер, натуралистер, туристер стансалары қысқартылып, ал қысқартылма­ғандары басшылықсыз қалды. Себебі, рес­пуб­ликалық мекемелерді И.Тасма­ғамбетов министр кезінде Алматы қала­сына беріп жіберді. Нәтижесінде сабақ­тан тыс уақытта баратын жер бол­маған­дықтан, үйірме, секциялар жоқ болған­дықтан, жастар арасында есірт­кіге әуес­тену, арақ ішу, ұрлық жасау кең етек алды. Тестілеу, информатизацияландыру (ақпараттандыру), ақылы оқу туралы, білім қызметкерлерін аттестациялау, оқу орындарын лицензиялау т.б. секілді мәселелер бойынша тек қана кем­шілік­терді келтіруге болады, түбегейлі жос­парлы, жүйелі жұмыс істел­мей отыр.

Облыс, аудан орталықтарындағы білім департаменттері мен бөлімдерінің министрлікпен байланыстары жоғалған. Бұл білім саласындағы сыбайлас жем­қорлықты биік шыңға шығарды.

Министрліктің негізгі қадамдарын жоспарлы жеткізіп отырған педаго­гикалық басылымдар да 1997 жылдан басшылықсыз қалып, қазір редакторлар өз білгендерімен жұмыс істеуде. Білім саласына бөлінетін қаржы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша 107% болуы керек. Қазақстанда ол осы 15 жылдың ішінде 3,5% көлемінде, ал Эстонияда 7,5 %, Швецияда 7,8%, Данияда 8,8% болды. Жылдық бюджеттен 2004 жылы - 192 млрд, 2005 жылы - 250 млрд, 2006 жылы 450 млрд теңге бөлінген, ал оның талан-таражға түсіп жатқанында есеп жоқ. Оқулыққа бөлінген қаржының 50%-ы талан-таражға түскен кезі болған және сатылуға тиіс емес оқулықтар сатылуда.

Әрбір оқушыға кететін шығын да әрбір облыс, аудан мектептерінде әр­түрлі. Мысалы: Алматы, Астана қала­ларында 100 мың теңге көлемінде болса, кейбір облыстарда - 40-80 мың теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында - 88 мың теңге, ал шекаралас Түркістан ауданында - 38 мың теңге. Сонда оқу стандарты, оқу жоспары, бағдарламасы бірдей, бірақ бөлі­нетін қаржы әртүрлі, мұны қалай түсі­нуге болады? Сондықтан білім саласына бөлінетін қаржыны республи­калық бюджеттен бөлу мәселесін қою керек, себебі әрбір облыс пен ауданның, сон­дай-ақ ауылдың мүмкіншіліктері әр­түрлі. Білім министрлігі, оның респуб­ликалық мекемелері жергілікті жердегі оқу орындарына әдістемелік, практи­калық көмек көрсетіп, нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді қойған, қандай жобаларға қаржы көп бөлінетін болса, соны қамту жағына шыққан, нәтижесінде өз функцияларын дұрыс атқаруларына уақыт таппайды.

 

Ерсайын ЕРҚОЖА,

білім саласының маманы

 

БІЛІМ МИНИСТРЛЕРІ

1. 1988-1993 қазанына дейін - Шайсұлтан Шаяхметов

2. 1993-1994 қарашасына дейін - Ережеп Мәмбетқазиев

3. 1994-1997 наурызына дейін - Мұрат Жұрынов

4. 1997-1997 қазанына дейін - Иманғали Тасмағанбетов

5. 1997-2000 желтоқсанына дейін - Қырымбек Көшербаев

6. 1999-2000 - Владимир Школьник

7. 2000-2002 қаңтарына дейін - Нұрәлі Бектұрғанов

8. 2002-2003 15 маусымына дейін - Шәмшә Беркімбаева

9. 2003-2004 жылдың13 желтоқсанына дейін - Жақсылық Күлекеев

10. 2004-2007 жылдың 8 қаңтарына дейін - Бірғаным Әйтімова

11. 2007 жылдың 10 қаңтарынан - Жансеиіт Түймебаев

12. 2010 жылғы 22 қыркүйектен - Бақытжан Жұмағұлов.


«Общественная позиция» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036