Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4063 0 пікір 16 Сәуір, 2015 сағат 12:24

Биыл қазақстандықтар ҚТҚЖБ желісімен 10 мыңдай пәтер алады

Биыл қазақстандықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен 10 мыңға жуық пәтер алады

Еліміздегі 17 елдімекеннің тұрғындары бағасы қымбат емес, қолжетімді тұрғын үйдің иесі атанбақ. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы ірі мегаполистерді ғана емес, еліміздің облыс орталықтары мен шағын қалаларын да қамтыған. Құрылыстар уақытында аяқталса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен ауданы 570 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілуі тиіс.

Мәселен, жергілікті әкімдіктермен арада қол қойылған келісім негізінде, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытымен 6 906 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын тұр. Пайдалануға берілген тұрғын үй саны жөнінен Алматы мен Астана көш бастап келеді. Дәлірек айтсақ, Алматыда – 1 376 пәтер, ал Астанада 994 пәтер өз иелерін тапқан.

«Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағытымен биыл 2 760 пәтер пайдалануға берілуі тиіс. Бұл жерде де Елордамыз топ жарып тұр – берілетін пәтерлердің саны 672. Екінші орын Өскеменге тиесілі. Бұл жерде 435 отбасы пәтер кілтін алатын болады. Үшінші орын Шымкент пен Қарағанды шаһарларының еншісіне тиіп отыр. Бұл қалалардың әрқайсысы 216 пәтерді пайдалануға бермек.

Биыл алғашқылардың бірі болып Ақтау қаласының тұрғындары қоныс тойын тойлады. 400 отбасына «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісімен салынған пәтерлердің кілті табыс етілді. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында осы жылдың соңына қарай бірі – 120 пәтерлі, бірі – 670 пәтерлі екі үйдің құрылыс аяқталмақ. Бұл пәтерлерге ҚТҚЖБ желісімен Бағдарламаға қатысушылардың ие болатыны түсінікті.

Банк бағытымен қолжетімді тұрғын үй құрылысының дер кезінде аяқталуы үшін, 2015 жылы Ұлттық қордан қосымша 30 миллиард теңге бөлінді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қаржысын да ұтымды пайдаланып келеді. Бұл мемлекет бюджетіне түсетін салмақты едәуір азайтты. Айталық, «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасымен салынған үйлердің өтеуі ретінде, банк бюджетке 60 миллиард теңгені мерзімінен бұрын қайтарып берді. Биыл тағы да 30 миллиард теңгені қайтаруды жоспарлап отыр.

Айта кететін жайт, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570