Жексенбі, 24 Қараша 2024
Біздің шенеунік 7427 0 пікір 1 Сәуір, 2015 сағат 16:18

ШЕТЕЛДЕ ОҚЫМАСАҢ, ШЕНЕУНІК БОЛА АЛМАЙСЫҢ…

Сәуірдің алғашқы күніндегі сатиралық көңіл-күй саяси памфлетке ұласатын сияқты. Себебі, атынан ат үркетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау басқармасының басшысы Динара Жаненова (суретте) ханымның аузынан шыққан мына бір сөзге не күлерімізді, не жыларымызды білмей отырмыз.

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингке келіп көсіле сөйлеген Динара ханым бүй дейді:

-  Мемқызметке түсер (өз сөзі, тегінде «қабылданар» деп қабылдау керек шығар!) алдында үмiткерлерге бiрқатар жоғары талаптар қойылатын болады. Тағы бір айта кетерлік жайт, талаптар қатарына магистратура, соның ішінде шетелдік магистратура деңгейі енгізілмек. Немесе, үміткердің білімі толықтай шетелдік білім болуы керек деген талап та болады. Бұның себебі, қазір мемлекеттік қызметкерлер шетелдік әріптестерімен, шетелдік мемлекеттік органдармен көп жұмыс істейді. Сондықтан, әр түрлі келіссөздер барысында, қандай да бір шешім қабылданарда, үкіметтік құжаттарды дайындағанда біздің мемлекеттік қызметкерлердің білімі бәсекеге қабілетті болу керек. Сондықтан, біз лауазымдардың жекелеген түрлері үшін талапты күшейтпекпіз…

Мәссаған безгелдек, сонда отандық салалық оқу орындары жылдар бойына алашапқын болып оқытып жатқан жас маман кадрлар… еліміздің басқару органдарында жұмыс жасай алмайтын болғаны ма? Егер, Қазақстандық ЖОО тәмамдаған мамандық иесі алған дипломымен мемлекеттік қызметтің маңайына жолай алмаса, онда Ұлттық статусқа ие болып отырған университеттер мен академияларды жабу қажет болатын шығар?

Әлде Жаненова ханымның аузымен айтылған бұл сөздер алдағы уақытта шет елде білім алып келген дәулетті адамдардың балалары мен мемлекеттік тапсырыспен сыртта білім алып жатқан ат төбеліндей топтан басқаларға лауазымды қызметтің жолы жабық дегенді білдіре ме?

Мүмкін, бұл мемлекеттік деңгейде айтылған әзіл ме екен, ә… Бәрібір сәтті шықпады!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555