Жексенбі, 24 Қараша 2024
Айбын 7390 0 пікір 1 Сәуір, 2015 сағат 09:07

БАС ТАРТСАҢ, БАС БОСТАНДЫҒЫҢНАН АЙРЫЛАСЫҢ!

Бұл – күлкі де, әзіл де емес. Бүгіннен бастап әскери міндетін орындаудан қашып, жалтарғандар қатаң жазаланады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі елімізде әскери борышын өтеуден жалтаратындарға жаза күшейе түсетінін және Отан алдындағы азаматтық борышын өтегісі келмейтіндер 2 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеумен қоса, 3 жылға дейін бас бостандығынан да айырылуы мүмкін екендігін хабарлап отыр. Аталған заң бүгіннен, яғни, сәуірдің 1-інен бастап күшіне енді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бері ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осындай қатаң шараларды қарастыруда.

Бұған не дейміз? «Бәрекелді!» дейміз бе, әлде... әлдеқандай пікір айтамыз ба? Қалай десек те, елімізде қорғаныс саласына ерекше мән беріліп, кәмелет жасына толған азаматтардың әскери өмірді көріп қайтқандығын жөн көреміз. Өйткені, бүгінгі әлем мемлекеттері өзінің қауіпсіздігіне, жерінің тұтастығына қатты мән беруде. Міне, кешелі-бері Араб лигасы ортақ әскер құратындығы жөнінде жарияға жар салуда. Ал, Ресейдің қорғаныс министрлігі Орталық Азия елдерінен Ресей қалаларына жұмыс іздеп барғандардан (гастарбайтерлерден) арнайы жасақ құрып жатса, АҚШ өмірлік бас бостандығынан айырылғандарды әскер қатарына алуда.

Мұндай мысалдар көп. Ендеше, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери әлеуетімізді күшейту үшін әлгіндей әрекетке баруы қай жағынан алсақ та құптарлық. Жасыратыны жоқ, елімізде ең тұралаған, іріп-шіріген, былыққа батқан сала – қорғаныс саласы. Осы уақытқа дейін әскерге барғысы келетіндер – барды. Барғысы келмейтіндер жоқты сылтау етіп қала берді. Оны айтасыз, әскер қатарында болу «ширк» дейтін діни көзқарас ұстанатын жат өңді жастар да шықты. Әскердегі тәртіпсіздік пен бассыздықтың салдарынан қаза құшқан оғыландар да аз емес. Сондай қатыгездікке қарап жұрт баласын әскерге жібермейтін халге жеткен. Осының бәрі мемлекетшіл тұлға, бүгінгі Қорғаныс министрі – Иманғали Тасмағамбетовтың басшылыққа келуімен түзеледі, жаңа сапаға көшеді, қазақ әскерінің сапында болу әр жастың көкейіндегі асқақ арманға, патриоттық сезімге айналады деген сенім бар.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ жеріндегі әскери полигондардың көбін РФ-ның Қорғаныс министрлігі жалға алып, иелік етіп келеді. Сәйкесінше, жерімізде «Жауынгерлік достастық» аясында әскери оқу-жаттығулар жылына екі рет өтіп тұрады.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563