Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5928 0 пікір 24 Наурыз, 2015 сағат 13:57

ҰЛТТЫҢ ҮРЕЙІ

Кезектен тыс президенттік сайлауға түсетін үміткерге қол жинау үстінде 30-жылдардан бері келе жатқан ҚОРҚЫНЫШ пен ҮРЕЙ тағы да алдымыздан шықты.

24 жыл бойы адам құқығы мен еркіндігі билік құрған Қазақ еліндегі қол қоюдан бас тартқан адамдардан: «менің балам әкімдікте жұмыс істейтін еді», «келінім департаментке жұмысқа тұрайын деп жатыр, кейін бір пәлесі тиіп кетіп жүрер», «президенке қол қойып қойып едік» деген сөздерді естіп, таң қалдым. Әкімдікте жұмыс істейтін адамдар азаматтық құқығынан айрылып, департаментке жұмысқа кіретін адамдар сайлауға түсетін адамдарды таңдай алмайды, ал бір үміткерге қолдау жасаған адам екінші бір үміткердің сайысқа түсуіне қолдау жасай алмайды дегенді ешқашан естімеппін.

Бұл ҮРЕЙ – қайдан келген ҮРЕЙ! Қанымызда қалған жасқаншақтықтың дерті ме, әлде өресі бір қарыс жергілікті биліктің «саяси-идеологиялық жұмысының» жемісі ме, немесе қу тіршіліктің тезіндегі бейсаясат жандардың «көлеңкеден қорқу» ұстанымы ма? Ондай елге, ондай халыққа сайлаудың қажеті не! Азат елдің, азат азаматтарының бетіңе қарай алмай, міңгірлеп, тұтығып тұрғанын көргенде «Қазақ елі, қорқақ 30 елдің қатарына қалай қосылып кеттік?» деп, өз халқыңнан өзің жерінесің.

Дос КӨШІМ.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345