Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Қоғам 6230 0 пікір 18 Наурыз, 2015 сағат 02:32

ЕРДОҒАН ПУТИНМЕН ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Бүгін, 17 наурыз жұмыс күнінің соңғы сағаттарында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ресей президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия президентінің ақпараттық дереккөздеріне сүйеніп жазған www.radikal.com.tr хабарына сай, екі ел президенті Украина мәселесін талқылаған. Әріптестікті одан ары дамыта түсуге ниетті екенін білдірген Ердоған мен Путин Украинадағы экономикалық дағдарысты, әскери қақтығыстарды, сонымен қатар Ресей мен Түркия арасында жоғары дәрежелі энергетикалық қатынас орнатуды да сөз еткен. Әңгіме барысында екі ел президенті Қырым татарларына байланысты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын да қарастырған.

Олар телефон арқылы әңгімесінде Түркия президенті Ердоғанның Украинаға 20 наурызға жоспарланған іссапары аясында талқыланатын тақырыптарға да тоқталып өтті. Онда 1915 жылғы даулы мәселелер де  қаралатыны (1915 жылғы Осман империясы мен армян халқы арасындағы салқындық) айтылды. Ердоған ұмытылмас тарихқа әділ бағасын беріп, шынайы құрмет көрсететінін айтқан,  алайда Арменияның татуластық шақыртуларына Түркияның мән бермейтінін, сонымен қатар ортақ тарих комиссиясын құру ұсыныстарына  оң қабақ танытпайтын  позициясын да білдіре кеткен.

Екі лидер арасындағы телефон арқылы әңгіме жарты сағатқа созылған.

 

Нұрғали НҰРТАЙ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 971
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 645