Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2930 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 06:09

Мәскеу. Қазақ жасын қастандықпен өлтірген қаныпезрелер жазаға тартылады

Ерлан Айтымов (суретте) көкөрім жас еді. Мектепті алтын белгімен бітіріп, Ресей мемлекеттік мұнай-газ уинверситетінің 1 курс студенті атанып, жас өмірі енді ғана жайқала бастаған тұста он сегіз жасында жат жерде жаттың қолынан қаза тапты. 2008 жылы 14 желтоқсанда Мәскеу қаласындағы Бутлеров көшесіндегі №2 үйдің жанынан Ерланның өлі денесі табылды. Білім қуған қазақтың өрімдей жас жігітін жаттың суық қолы пышақтап өлтірген.

Қазір Мәскеуде Ерланның жас өмірін жауыздықпен қиған қанішер қылмыскерлердің соты өтіп жатыр. Антон Васильев бастаған қылмыстық топтың құрамында Андрей Гордеев, Константин Кучер және Владислав Поляков дегендер болған.

Бұл қылмыстық топ 2008 жылдың тамыз айында Антон Васильевтің басшылығымен құрылыпты. Әуелде қолдан жасалған жарылғыштармен базарларда, адам нөпірі көп  жерлерде жарылыстар ұйымдастырған. Содан 2008 жылдың қысы басталғанда әсіреұлтшыл қылмыстық топқа айналған қылмыскерлер жүзі славяндық емес адамдарды аулауға көшкен. Қанішерлердің басшысы Антон Васильев 14 желтоқсан күні кешкісін бет-жүзі славяндық емес деп Ерлан Айтымовты бүйрек тұсынан пышақтап тастаған. Ал, Андрей Гордеев, Константин Кучер екеуі қансырап жатқан қазақ баласына ата жауын өлтіргендей масаттана қарап тұрған.

Мұнымен де тоқтамаған әсіреұлтшыл қылмыстық топ екі кореялық қызды тірідей өртеп жібермек болған. Құдай сақтап, екі қыз қашып құтылған. Біреуін күйік шалған. 2009 жылы құрықталған қылмыстық топқа 24 қылмыс жасаған деген айып тағылып, сот залында отыр.

Ақпараттарға қарағанда, қылмыстық топтың ұйытқысы болған Антон Васильевке өмір бойы түрме жазасы берілуі мүмкін. Ал, қалған үшеуі он жылдан артыққа сотталмауы мүмкін. Себебі, бұл үшеуі бет жүзі славяндық емес азаматтардың қанын судай шашып жүрген кездерінде кәмлеттік жасқа толмаған екен.

Ал, оқу, білім іздеп жасқанбай жат жерге барып, қапыда кеткен қазақтың өрімдей ұлының орнын кіммен, немен толтырамыз? Далада жатқан қазақ жоқ. Білім жолында сыртта жүрген әр қазақ баласы артымда елім, жерім, қара ормандай қазағым, ұлы қорғаным бар деп үлкен, өмірлік сеніммен жүреді. Ендеше, Қазақстан - жер бетіндегі бар қазақтың жалғыз қорғаны екенін әсте естен шығармауы тиіс.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373