Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Алашорда 8297 4 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 09:22

Қазақстанда Үлкен террор құрбандарын еске алуды ұсынды

"Нұр Отан" партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Сталин дәуіріндегі жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алуды ұсынды. Фракция мүшелерінің үкіметке жолдаған үндеуін мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман оқып берді.

Мұсырманның айтуынша, депутаттық сауалда 1937 жылғы қуғын-сүргінге 80 жыл толу датасын атап өту қажеттігі айтылған. Сталиндік репрессия тарихқа Үлкен террор деген атпен енді.

"Осы репрессиялар салдарынан көптеген саяси қайраткерлер мен интеллигенция өкілдері "халық жауы" атанып, атылды немесе ұзақ жылдарға сотталды", - деді депутат.

Тарихшылардың мәліметі бойынша, сталиндік репрессия жылдарында Қазақстанда кем дегенде 22 мың адам атылып кеткен.

Депутаттар ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, білім беру мекемелерінде ашық сабақ өткізуді, көрмелер ашып, деректі фильмдер және театрландырылған қойылымдар көрсетуді ұсынды.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1506
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3123
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1041