Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5736 9 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 10:38

Путин қорғанысқа көшті

Ресей  әскерін көбейтуді қолға алды.  Кеше Путин  арнайы  жарлыққа  қол  қойды.  Онда  2017 жылдың 1 шілдесінен  бастап Ресей  әскері  1 897 894 адамнан  1 903 051  адамға көбеймек, деп хабарлайды "Айқын" газеті.

Онсыз да экономика  кері  кетіп,   мұнай  бағасы құлап,  санкция қысып  тұрғанда  Ресейге әскер  санын көбейту не үшін  қажет  бола  қалды? Оның  үстіне  биыл қорғаныс саласына  бөлінетін қаржы 1,05 триллион  рубльге қысқарып жатыр.  Бірақ  көптеген әскери  сарапшылар, «Путин амалсыз  әскер  санын көбейту  отыр. Өйткені НАТО Ресей шекарасын айнала  қоршап  орналаса  бастады. Кавказ тынышсыз.  Орта  Азия (Ирак  пен  Сириядан қашқан Ислам мемлекеті  тобының содырлары  осы өңірде жаңа  бір  майдан ашуы  мүмкін) үлкен дүрмектің  алдында тұр. Украинамен  жаңадан шекара  құрылып  жатыр.  Ол аймақты күзету үшін қаншама   әскер  керек. Балтық  жағалауы  елдеріне  НАТО өз әскерін  орналастыруды  қолға  алды. Оларға қарсы  қояр  мықты «жұдырық»  қажет.  Бұдан тыс Ресей Сириядағы соғысқа араласып отыр.  Алдағы уақытта Ливияда да  осы жағдай  қайталануы  мүмкін. Сонымен қатар Арктикаға  талас басталды.  Көмірсутегі  отыны  өте  мол ол мұзды аймақтағы  өз үлесімізді  қорғау  үшінде ол өңірге  ондаған  әскери  база  орнату  керек. Демек  Ресей әскерін көбейткені  дұрыс.   Бірақ  орасан  зор әскерді  ұстап  тұру  үшін  үлкен  қаржы  керек.  Қазіргідей жағдайда   ол  мүмкін бе?»  дейді.   Шындығы сол қазір Ресей армиясы 1013 628 сарбаздан  тұрады. Бұған осы  әскери  салада жұмыс істеп  жатқан азаматтық қызметкерлерді (889 423 адам)  қосыңыз. Бұл аз емес. Жалпы Ресей әскері  әлемде саны жағынан  Қытай,  АҚШ, Үндістан,  Солтүстік Кореядан кейін 5- орында  тұр. Ресей әскерилерінің  құрамына 340 мың  ІІБ сарбаздары, 250 мың Қауіпсіздік қызметі және әскерилендірілген Төтенше жағдайлар  қызметінің  адамдарын  қосқанда 3 миллионға  тақайды. Еске  сала кететін  бір  жайт, кешегі  құлап   қалған КСРО-ның армиясы  4 миллион жауынгер  деп  саналған. Ол кезде КСРО  құрамында 300 миллион адам  болды. Ал бүгінгі Ресейде  бар- жоғы 135-145 миллион  халық  бар. «Әскер  санының көптігі соғыста  мәселені  шешпейді. Ең бастысы, армияны замануи  қарумен жарақтандыру. Бұл бүгінгі күннің талабы»  дейді  сарапшылар. Кім  не десе  де, Путин армия санын  жылдан  жылға арттыруды қолға алды. Оны кімге  қарсы  жұмсамақ?

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610