Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық 11390 16 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 01:41

Алматыға "Азаттық" көшесі керек, Бауыржан Байбек мырза!

Алматы қаласының әкімі

Бауыржан Байбектің назарына

Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінің атын "Азаттық даңғылы" деп атау керек, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл бастаманы белгілі желтоқсаншы Ерлан Декелбаев Facebook әлеуметтік желісінде парақшасында мәлімдеген. "Алматы қаласындағы Фурманов көшесін ата-бабаларымыздың армандарына сай "Азаттық даңғылы" деп қою керек" дейді ол.

Декелбаев бұл ұсынысты 2003 жылы алаңның макетін жасағанда ұсынған екен. Желтоқсаншының аталмыш бастамасын сол кездегі қала әкімі Храпунов қолдапты-мыс. Бірақ, неге екені белгісіз Фурманов көшесінің аты тәуелсіздік алғалы 26 жыл өтсе де өзгерген жоқ.

Енді өз ойымызды айтсақ...

Қызыл комиссар Димонь Фурмановтың Алматыдағы ескерткіші

Ерлан Декелбаевтің аталған керемет идеясын жүзеге асыру Бауыржан Байбекке сын. Себебі, аты мен сойы тәуелсіздікке қызмет етпеген Фурмановтың Алматының дәл ортасындағы даңғылды иеленуге ешқандай хақы жоқ.

Бұл - Азаттыққа ұмтылған желтоқсаншыларды Алаңға апарған, азаттыққа бастаған Алаштың жолы.

Бұл - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының Азат елдің басшысы ретінде жұмысын бастағанда күнделікті жүрген соқпағы.

Қазақтың тәуелсіздігі осы жолдан басталған. Сол себепті де 2003 жылы жүзеге аспай қалған келелі істі Бауыржан Байбек қолдайды деп ойлаймыз. Бауыржан Байбек ауызбен қолдап, бірақ айтқанын жүзеге асырмайтын Храпунов емес. Байбек қолға алса алынбайтын қамал жоқ екенін баяғыда-ақ дәлелдеді. Мәселен, Наурызбай көшесінің бойындағы Қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш қою мәселесі шешілді, биыл. Қаржы бөлініп, ескерткіш әне-міне салынғалы жатыр. Бұл іс әкімінің ұлт деп соққан жүрегінің, ұлты үшін тыным таппайтын күш-жігерінің қандай екенін толығымен дәлелдеп берді.

Қалың көпшілік "Фурманов көшесіне болашақта Елбасының аты берілуі мүмкін" дегенді жиі айтады. Елбасымыздың қолдауымен соңғы уақытта Алматының маңында қаншама айналма жолдар салынып жатыр. Сол айналма жолдың салынуына Елбасымыздың тікелей еңбегі сіңді емес пе? Сондықтан да Тұңғыш Елбасымызға берілер көше Алматыда өте көп екенін ескеруіміз керек. "Алматыдағы аса ұзын емес Фурманов даңғылын Президенттің атына береміз" деу Елбасының еңбегін бағаламау болып саналады.

Сол себепті де біріншіден тәуелсіздікке түк қатысы жоқ Фурмановтың атауын құрту керек. Оның орнына адам атын қойсақ, түрлі талас-тартыс орын алуы мүмкін. Сондытан да, бұл көшенің атын Азаттық даңғылы деп атауды бүгіннен бастауымыз керек секілді.

Сіз не дейсіз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz 

 

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036