Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 11 Қазан, 2010 сағат 04:42

Отунбаева сайлау қарсаңында партияларды жағдайды күрделендірмеуге және алдағы дауыс берудің нәтижесін мойындауға шақырды

Бішкек. 9 қазан. ҚазТАГ – Игорь Шестаков. Қырғызстан парламентіне сайлау қарсаңында ел президенті Роза Отунбаева сайлауға қатысушы партияларды саяси жағдайды күрделендірмеуге және алдағы дауыс берудің нәтижесін мойындауға шақырды.

«Біз сайлауға қатысушы саяси партиялардың бәрі оның қорытындысын мойындауда ерік-жігер танытады деп ойлаймыз. Негізсіз айыптаулардың, спекуляцияның, саяси дау-дамайдың қажеті жоқ», -  делінген Қырғызстан президентінің парламенттік сайлауға қатысты таратқан үндеуінде.

Оның атап көрсетуінше, билік сайлау алды науқаны барысында әкімшілік ресурсты пайдалануға жол бермеуге тырысты. Р. Отунбаеваның бағалауынша, сайлау алдындағы күрес «әділ және таза» өтті.

Мемлекет басшысы сайлау күні ешқандай бұзушылықтар болмайды деп сендірді.

«Ертең де (сайлау күні) әкімшілік ресурс пайдаланылмайды. Біз әрбір қырғызстандық өзінің берген дауысы дұрыс тіркелетініне сенімді болуы үшін учаскелерді дауыс беру процесіне және дауыстарды есептеу процесіне араласудан қорғау шараларын қабылдадық», - делінген Р. Отунбаева сенбі күні айтқан үндеуде.

«Ақаевтың, Бәкиевтің сайлауы кезіндегідей алаяқтықтарға жол берілмейді. Бұған жол жоқ. Бәрі сіздердің алдарыңызда өтеді. Бір де бір урнаға «бөтен» бюллетень түспеуі үшін бәрін жасаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ, президент құқық қорғау органдары арандатушы әрекеттердің бәрін қатаң тыятынын мәлімдеді.

«Бұған бізді билік басында отыруын созбалап жатыр деп айыптаған ішкі күштердің әрекеттері де, біздің сайлау мен елдегі жағдайды теріс суреттеуге тырысқан сыртқы күштердің әрекеттері де кедергі жасай алмады. Әрине дау болуы мүмкін. Бірақ біз жеткілікті негіз болмаса, наразылық шараларын немесе басқа тұрақсыздандырушы әрекеттерді ұйымдастыруға жол беруге болмайды деп есептейміз. Билік тарапынан ондай негіздерге жол берілмейді. Милиция, күш құрылымдары кез-келген арандатуларға, жағдайды өршіту әрекеттеріне лайықты жауап бере алады», - делінген үндеуде.

Қырғызстанда парламенттік сайлау 10 қазанда өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406