Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3422 0 пікір 5 Сәуір, 2017 сағат 16:44

Петербургтегі метро қызметкерлері салғырттықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін

epa05886217 A handout photo made available by megapolisonline.ru via VKontakte (VK) shows victims shortly after an explosion in a metro of Saint Petersburg, Russia, 03 April 2017. According to reports, at least 10 people were killed and dozens injured in an explosion in the city's metro system. The cause of the blast was not immediately known. Russia's National Anti-Terrorist Committee said that the explosions hit a train between Sennaya Ploshchad and Tekhnologichesky Institut stations, media added. EPA/megapolisonline.ru HANDOUT -- BEST QUALITY AVAILABLE -- ATTENTION EDITORS: GRAPHIC CONTENT -- HANDOUT EDITORIAL USE ONLY/NO SALES/NO ARCHIVES

Тергеушілер 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында орын алған терактіге байланысты 40-тан астам куәгерлер мен метрополитен қызметкерлерінен сұрау алды.

Тергеу комитетінің мәлімдеуінше, терактіні орындаған 22 жастағы Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалилов деген азамат. Оның Ресей азаматтығы болған. Тергеу мәліметінше, залалсыздандырып үлгерген екінші бомбаны да сол қойған. Джалилов бақылау камерасындағы жазбаларды қарағаннан кейін және генетикалық сараптамадан кейін күдікке ілінген. Тергеу ісі оның "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қатысы болуы мүмкіндігін тескеріп жатыр.

"Россия 24" арнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні Петербургке Ош қаласынан жиһадшы делінген күдіктінің ата-анасы ұшып келген. Оларды сұрауға алады және күдіктіні тану ісіне қатысады.

"Коммерсанттың" мәліметінше, тергеушілер террорист екі жарылғыш затпен қалайша метроға кіріп кеткенін анықтап жатыр. Осыған қатысты метроның қауіпсіздік қызметкерлері салғырттықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін.

3 сәуірде Петербург метросының вагонында теракт болып, 14 адам қаза тапты, 50-ге тарта адам жараланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381