Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2705 0 пікір 12 Қазан, 2010 сағат 20:09

Нұра Матай. Мұхтардың мұхит мұрасы елу томнан асып кетті

Алаштың аяулы ұлы перзенті, Алаш атын адамзатқа аян еткен Мұхтар Әуезовтің елу томдық академиялық жинағының 44 томы жарық көрді. Келесі жылы толық елу томы жарық көрмек. Үкіметтің шешімімен жасалып жатқан шаруаның басы-қасында әуезовтанушылар, ғалымдар, Мұхаңның ұрпақтары жүр. Тынбай еңбек етіп жатыр. Елу томдық академиялық толық жинағына Мұхаңның көркем шығармалары, мақалалары, ғылыми еңбектері, хаттары тағы басқа еңбектері толық еніп жатыр екен.

Совет өкіметі кезінде цензураға түскен шығармалары мен еңбектері де осы елу томдықта қамтылып жатыр. Тіпті, бұған дейін белгісіз болып келген Мұқаңның көркем шығармалары, киносценарилері Мәскеуден табылыпты. Ол елу томдыққа енбек.

Мұхаңның мұрасына елу томдыққа аздық ететін түрі бар. Мұрат Әуезов соңғы томдар екі есе қалың және 47\1 және 47\2 болып шығуы мүмкін, өйткені, Мұхаңның мұхит мұрасы елу томдыққа сыймай жатыр екен.

Әуезов әлемін толық қамтыған елу томдықтың да елге жететін күні жақын. Бірақ, Мұқаңның із-түзсіз жоғалған еңбектері де бар екен. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары бәлшебектерді құдай жасап тұрған кезде қамауға алынған Мұқаңның сол кездегі еңбектері де тәркіленіп кеткен. Оның ішінде, «Сұғанақ сұр» шығармасы, әдебиет тарихының екінші кітабы, Жетісу қазақтарының фольклоры деген монографиялық еңбегі, 1926 жылы қырда жатып жазған бір романы болған екен. Осы және басқа ғылыми еңбектері ұшты-күйлі жоқ.

Қаншама асыл қазынамыз бен аяулы азаматтарымыздан айырған қызылдарға нәлет!

Сонымен, академиялық елу томдықтың 45-нші томы ғылыми талқыдан өтіп, баспаға жіберілмек. Осы жылдың аяғына дейін екі томы келесі жылы қалған томдары жарық көрсе, елу том түгелдей оқырманға жол тартпақ.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407