Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3442 0 пікір 7 Сәуір, 2017 сағат 11:54

Ресей. Мектептің жанында қолшамға ұқсас зат жарылды

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы бір мектептің жанында тағы да жарылыс болды, деген хабар таратуда шетелдік БАҚ көздері.

Қазір жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына барған. Нақтыланған ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай мектеп жанында болған.

«№ 5 лицей күзетшісі мектеп аумағын аралап жүрген кезде жерде қолшамға ұқсас зат жатқанын байқаған. Әлгі затты көтере бергенде, жарылыс болған», - дейді дереккөздері. Соның салдарынан күзетші бір саусағынан айырылды, сондай-ақ кеуде тұсын күйік шалған. Күзетші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2851
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4588