Тұрысбековтің түсінігіндегі қазақ дипломатиясы
Қазақ әулиелердің атымен күресіп әлек. Ал, Ресейдегі елші Зауытбек Тұрысбеков болса Мәскеу облысына қарасты Орехово-Зуево қаласындағы христиандардың қасиетті саналатын шіркеулерінің бірінде Геннадий Гоголевтің Қаскелеңдегі шіркеуге поп болып тағайындалуына орай өткізілген діни салт, жоралғыға қатысып, жаңа поптың тағайындалуы екі ел арасындағы дінаралық, ұлтаралық татулықтың беки түсуіне ықпал ететінін айтып, қуанып жүр. Сонда Ресейдегі елшінің басқа жұмысы қалмаған ба?!
Ресейдегі қазақтардың болашағы, оның ішінде қазақ тілді мектептердің жоқтығы, рухани тұрғыдан қолдауға зәру ат төбеліндей қазақтың жайы елшіні неге алаңдатпайды?! Жарайды, мұндай мәселе оң жамбасына келмейді екен делік. Орынбордағы жалпықазақ съезі өткен тарихи ғимарат пен Ахмет Байтұрсынұлы тұрған және «Қазақ» газетін шығарған үйге ескерткіш тақтаны орнату қоғамдық қорлардың емес, қуып келгенде тікелей елшіліктің міндеті емес пе?! Ресей мұрағаттарында жатқан қазақ тарихына қатысты деректерге қазақ тарихшыларының әлі күнге қолы жетпей зар болып жүр. Ал, соған мұрындық болатын елші шіркеуде дінаралық татулықты насихаттап, поптың қасында өзінің популистік салтына басып жүр. Дін мемлекеттен бөлек деп тайға таңба басқандай етіп жазылған сөздерді Ресейдегі елші Зауытбек Тұрысбеков білмейді дегенге сенгің келмейді екен. Тегінде, «балта сабынан озбайды» деген рас-ау...

Абай-ақпарат