Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
3970 6 пікір 11 Сәуір, 2017 сағат 09:31

Эрдоған Еуропаны «ауру адамға» теңеді

Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоған Еуропаға қайтадан ашу-ызасын көрсетіп, Анкараның Еуропалық одаққа қосылу жөніндегі өтінішін қайта қарайтынын мәлімдеді. Эрдоған "Еуропа түрік халқына қарсы жасағанына жауап береді" деді.

9 сәуірде Измирде сөйлеген сөзінде Эрдоған 16 сәуірде Түркияда президенттің құзыретін кеңейту жөніндегі референдум өткеннен кейін, Еуропа мәселесіне қайта оралатынын мәлімдеді. Түркия президенті Еуропаны «ауру адамға» теңеді. Бұл теңеуді 19 ғасырда еуропалық саясаткерлер құлап бара жатқан Осман империясына қарсы айтқан.

Әділдік және даму консервативті ислам партиясының негізін құрған Эрдоған 2003 жылы ел премьер-министрі болды. Бұл қызметте ол 2014 жылға дейін, президент болғанға дейін істеді. Эрдоған Түркияны парламенттік республикадан президенттік мемлекетке айналдыруды мақсат тұтатынын мәлімдеген. Осы мәселе алдағы референдумда қойылып отыр.

Батыс елдері Эрдоғанды билікті бір адамның қолына көшірмекші деп айыптайды. Ол сонымен бірге 2016 жылы шілде айында елде төңкеріс жасамақ болды деп оппозицияны қудалағаны үшін сынға қалып отыр.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050