Нұра Матай. Әуезовтың тегі қожа екен
Алаш ардақтысы, Алаш аманатын арқалап оны орындаған қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Омарханұлының шыққан тегін түп-тұқиянынан бастап баяндайтын «Мұхтар Әуезовтің ататегі» деп аталатын кітап жарыққа шықты.
Кітапқа қарағанда, Мұхтар Әуезовтің түп аталары қазақ жеріне ислам дінін таратуға келген арабтар болып шығады. Кейін бұлардың ұрпағы қазақ арасына қожа деген туыстық атаумен сіңген. Жалпы, қазақтың шежірелік тарихында руға жатпайтын екі тұқым бар: төрелер мен қожалар. Төрелер Шыңғысханның ұрпақтары.
Бір қызығы, Мұхтар Әуезовтің өзі жазып қалдырған мұраларының ішінде өзінің ататегі туралы бір ғана дерек бар екен. Мұқаң Алаш адуынды арыстандарының бірі Смағұл Сәдуақасовқа жазған бір хатында өзінің арғы аталарын Қаратау өңірінен қалың найманның арасына көшіп келгенін және найман ішінен Бердіқожа бір топ туыстарын соңынан ертіп, арғын ішінде тобықтыға келіп, орын қоныс тепкенін айтқан екен. Бұдан басқа Мұқаңның өзінен тегі туралы дерек қалмаған.

Сонымен, Мұхтар Әуезовтің шыққан тегін енді барша жұрт біле жүретін болды. Әрине, бұдан болып Мұхтар Әуезовтің қазақ жүрегіндегі бейнесі және қазақ руханиятындағы ерекше орны мен оның ұлтымен бірге жасайтын шығармаларының бағасы сүйемдей де кеміп қалмайтыны айдан анық. Негізі, дүние жұртында өзінің ұлы адамдарының шыққан тегін білу оны ұрпаққа жеткізу салты бар. Бұл салт қазақ үшін өзіндік ерекшелікке және ұрпақ үшін атқаратын мән мен маңызға ие.
Сөйтіп, мұхтартану жаңа бір дерек көзімен молая түсті.
"Абай-ақпарат"