Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2084 0 пікір 16 Қазан, 2010 сағат 13:06

Нұра Матай. Неміс кетті. Кемісті кім түзейді?!

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері неміс Бердн Шторктың келісім шарты мерзімінен бұрын тоқтатылды.

- Бернд Шторк мырза үмітімізді ақтамады. Оған «Еуро - 2012» іріктеу ойындарының алғашқы төрт ойынында үш ұпай алу міндеті жүктелген. Алайда өздеріңіз куә болғандай бірде-бір ұпай ала алмадық. Сондықтан, Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті Бердн Шторктың келісім шартын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім шығарылды, - деген Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катков Шторктың иығына шапан жауып (қайран шапан) шығарып салды. Шторктың несі кетіп барады, есебі түгел, бәріне рахметін айтып, тайып тұрды. Осымен, аттай қалап алдырған тағы бір бапкер ұртын майлап кете барды. Шторк Қазақстан құрамасын 2009 жылдан бері жаттықтырған. 14 ойын өткізіп, соның бар-жоғы үшеуінде ғана жеңіске жеткен. «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» деген осы.

Жеңілістен көш ашпаған қайран қазақ футболы жанкүйерінің көңілін қалдырғалы қашан. Қашан көрсең, үлкен есеппен ұтылып жатады. Тіпті, «Әй, осы жолы бір гол салар», деп қанша рет үміттендік. Жоқ. Баяғы нөл.

Соңғы рет «Еуро - 2012» іріктеу ойындары аясында Германия құрамасымен кездескен біздің аяқдопшылар тағы да жер болып жеңілді. Құдай-ау, бәлен жыл бойы бір дені дұрыс жеңіске жетпеуі қалай?! Футболшылардың бәрі у жеп жүре ме өзі?! Жалпы, бірінші таймда тәуір жүгірген біздің футболшылар екінші таймда аяғына қан түскен аттай аттап баспайды. Бұл өзі дәстүрге айналды. Ұпай алған былай тұрсын, біздің құрама басқа командалармен ойында тең ойын көрсететін күн туса, жанкүйерлердің жаны қалмас.

Негізі, ел намысы қорғалатын спортта әсіресе, футболдың тізгінін қанына тартпайтын жандарға беру қателік болса керек. Біреудің жеңілісінің орнын қаны басқа біреу толтырып береді дегенге екі дүниеде сену қиын. Әлемдік дәреже қазақ атын асқақтатқан спортшылардың бәрі қазақ баласы екенін ұмытпаған абзал.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475