Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Әлеумет 12938 8 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 14:52

Баспанасыз босқындар еліне сапар

(Журналистік зерттеу)

Өткен жексенбіде «Abai.kz» және «Алауинформ» ақпараттық порталдарының журналистері Алматы қаласы мен қала маңында шоғарланған ірілі-ұсақты базарларды аралап,  барақтарда тұрып жатқан баспанасыз жандардың тұрміс-тіршілігін барып көрді.

Өткен аптадан бері әлемжелінің қызу талқысына түскен тақырып – журналист  Нұргелді Әбдіғаниұлы мен Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің жастарға жатақжай салып беру туралы бастамасы болды.

Ішкі миграцияның салдарынан қазір бейбіт елімізде бейресми босқындар көші пайда болды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сол секілді урбандалу үдерісін де тежеу мүмкін болмай тұр.  Демек мәселені шешудің өзге жолдарын қарастыру қажет.

Біз журналистік зерттеу барысында Алматы қаласындағы жастардың ғана жай күйін нақты деректермен көрсеттік. Ал Астана, Шымкент және өзге де ірілі-ұсақты қалаларда қаншама жастың бас қайғысы баспана болып жүр? Сонымен қатар бұл – жастарға байланысты келтірілген деректер. Ал қанша жылдан бері базар жағалап, пәтер жалдап тұрғандардың кім санына жетіпті. Тапқан нәпқаның жартысын пәтерақыға беретін ішкі мигранттардың есебінен табыс тауып отырған (пәтер деуге мүлде келмейді) бөлме берушілер мемлекетке бір тиын да салық төлемейді. Турасын ай тсақ, барақ қожайындарының бұл әркеті көлеңкелі экономикаға жатпай ма? Сонымен, біз бардық, көрдік.  Біздің барып, көріп жазғанымызға пікір білдіру сіздің еркіңізде!

(Бейне жазбаның авторы Мөлдір Байбөрі)

Уақытша тіркеу кезінде ресми түрде 690 мың ішкі мигрант есепке алыныпты. Ал, шын мәнінде бұл көрсеткіштің әлдеқайда көп екені түсінікті. Десе де, 690 мың баспанасыз Қазақстанда бар деген сөз ешқандай бұра тартты бұлтартпасы жоқ анық сөз, нақты дерек. 2016 жылды қорытындылаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарының саны 2 миллионға жеткенін айтқан еді. Алматы Қазақстандағы ең ірі мегаполис саналатындықтан, әйдік шаһарға келушілердің саны да өзгелермен салыстырғанда едәуір көп.

Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты басқармасының дерегіне сүйенсек, былтырғы жылдың қорытынды есебі бойынша, Алматы қаласында 14-тен 29 жасқа дейінгілер санатында   483 мың адам бар екен.

Ал жыл сайын Алматы қаласында 30 мыңға жуық жас маман ЖОО аяқтайды. Олардың 7 мыңға жуығы Алматы қаласының тумалары болса, қалғандары өзге қалалардан келгендер.

Ресми статистикаға сүйенсек, жоғарыдағы 30 мың жас маманың 75 пайызы Алматыда қалуды жөн көреді екен. Бұл тізімге Алматы маңындағы (Қаскелең, Талғар, Іле ауданы) қалашықтардың жастары кірмеген. Күнделікті келіп-кетіп жатқан жастардың есебіне жету мүмкін емес.

Ал қазірдің өзінде Алматы дейтін әйдік шаһардағы 81 мыңға жуық студенттің бар болғаны 35 мыңы мемлекеттік жатақханамен қамтамасыз етілген. Қалған 46 мың студент пәтер жалдап тұратыны сөзсіз.

Бұл материалды ары қарай фото репортажбен толықтырайық.

Алтын орда маңыда орналасқан барақтар:

Журналистік зерттеуді бастағандағы сәтіміз.

 

 

Тар ауладағы тіршілік, Бұл аулада 15 отбасы тіршілік кешуде. Пәтер ақысы 20-25 мың теңгені құрайды. Біз барғанда бос бөлме табылмады.

Қоқысы қолқаны қапқан аула (Қоқыс аптасына бір рет шығарылады. Ол үшін қосымша ақша төленеді.)

Тар бөлмеге сыймаған тұрмыстық заттар

Қаланың қақ ортасындағы жалдамалы бөлмелер:

Ауызекі тілде «Отповка» аталып кеткен базар маңы

11 жанұяға арналып салынған бөлмелер (Қаланың қақ ортасында орналасқан. Бұл аулада 11 отбасы тұрады. Пәтер құны 25-30 мың теңгені құрайды. )

Күн түспейтін «кеңістік»

Асүй мен жатынжайды ажыратып беріңізші

Қалқамандағы жұрттың жайы

12 отбасы ошарылып отыр (Біз барған бұл үйде 12 отбасы тұрады. Біз барғанда бір ғана бөлме босап тұрды. Мұндағы жұрт айына 20 мың мен 40 мың теңгенің көлемінде құн төлейді.)

Қуықтай бөлме

3/3 көлем

Ерлер мен әйелдерге арналған екі бөлек дәретхана. Дәретханаға бару үшін ағаштан аттап өту керек

Душ қабылдауға да «жағдай» жасалған

Тауық та, квартирант та – қожайын үшін табюыс көзі. Сондықтан, екеуі де бір аулада жүруге қақылы.

Қортынды:

Қазақстанда Заң жүзінде әрбір азаматқа 18 шаршы метрден кеңістік берілуі керек. Ал біз көрген жалдамалы бөлмелердің көлемі 9 шаршы метрді құрайды. Ол жерде отбасылы, бала-шағыла адамдар тұрып жатыр. Сонда әрбір адамға қанша шаршы метр кеңістіктен келетінін елестете беріңіз...

Енді жаңағы 9 шаршы метрді стандартты отбасының жан басына шағып көрелік. Әкесі, шешесі, бір ұл, бір қыз, яғни бір отбасында 4 адам бар делік. Әр адамға 2,25 шаршы метрден келеді.  Бір қызығы елімізде Заң жүзінде сотталған әрбір азаматқа 3 шаршы метрден кеңістік тиеді екен. Арғы жағын өзіңіз пайымдарсыз...

Ескерту: «Abai.kz» пен «Алауинформ» ақпараттық порталының журналистері баспанасыз босқындар еліне сапарын әріқарай да жалғастыра беретін болады.

Айнұр Төлеу

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1431
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3197
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5094