Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3004 0 пікір 20 Қазан, 2010 сағат 09:36

Қазақстанды қарыз қайыстырып барады

Қарызы жоқ мемлекет болмайды. Бірақ сыртқы қарыздың шексіз өсе беруі  кез келген елді дефолтқа әкеп соқтыратынын тарих сан мәрте дәлелдеген. Ал Қазақстанның билігі болса мұндай қауіптің бар екенін жасырып бағуда.

Қазақстанның сыртқы қарызы туралы баспасөз беттерінде соңғы кездері аз айтылып жүр¬ген жоқ. Мұнан он жылдай бұрын, яғни 1999 жылы мұнай қымбаттаған¬дықтан, экономи¬кадағы құлдырау тоқ-тады де¬дік. Алайда осы тұста үкімет сыртқы қарыздың үс¬теме өсімі өсіп кетті, бюджетте оны төлейтін қаржы жоқ деп, бі¬раз әлеу¬меттік жеңілдіктерді қыс¬қар¬тып тастады. Бірақ соған қарамай, біздің сыртқы қарызымыз жыл сайын өсіп барады.
Батыстың арнайы мамандандырыл¬ған қаржылық құрылымдары 1999-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы қарызы екі есеге дейін көбей¬генін, яғни 7-8 миллиард доллардан, 15-16 миллиард долларға дейін өскенін айтады. Ал ресми ақпарат көздері Қа¬зақ¬стан әлемдегі ең тез дамып келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында келеді деп жар салады. Сонда бұл қалай болғаны? Елдің жағдайы жақсарған сайын сыртқы қарыздың өскені несі?

Қарызы жоқ мемлекет болмайды. Бірақ сыртқы қарыздың шексіз өсе беруі  кез келген елді дефолтқа әкеп соқтыратынын тарих сан мәрте дәлелдеген. Ал Қазақстанның билігі болса мұндай қауіптің бар екенін жасырып бағуда.

Қазақстанның сыртқы қарызы туралы баспасөз беттерінде соңғы кездері аз айтылып жүр¬ген жоқ. Мұнан он жылдай бұрын, яғни 1999 жылы мұнай қымбаттаған¬дықтан, экономи¬кадағы құлдырау тоқ-тады де¬дік. Алайда осы тұста үкімет сыртқы қарыздың үс¬теме өсімі өсіп кетті, бюджетте оны төлейтін қаржы жоқ деп, бі¬раз әлеу¬меттік жеңілдіктерді қыс¬қар¬тып тастады. Бірақ соған қарамай, біздің сыртқы қарызымыз жыл сайын өсіп барады.
Батыстың арнайы мамандандырыл¬ған қаржылық құрылымдары 1999-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы қарызы екі есеге дейін көбей¬генін, яғни 7-8 миллиард доллардан, 15-16 миллиард долларға дейін өскенін айтады. Ал ресми ақпарат көздері Қа¬зақ¬стан әлемдегі ең тез дамып келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында келеді деп жар салады. Сонда бұл қалай болғаны? Елдің жағдайы жақсарған сайын сыртқы қарыздың өскені несі?
Дүниежүзілік нарықта мұнай қымбат¬та¬ғанмен, одан Қазақстанға түсетін пайда 8%-дың маңында ғана. Яғни елдегі әлеуметтік жағдайдың жақсар-¬ды¬-мыс деген сөздің астарында сыртқы қарыздың үлкен үлес салмағы барын экономист-мамандар біліп отыр. Ұлт¬тық банк төрағасы Григорий Мар¬ченко бір кездері: «...шетелдік ин¬вес¬тор¬лар¬дың елдегі өндірісті ұлғайтуға жұмсап жатқан қаржысы Қазақстанның есебіне сыртқы қарыз ретінде тіркеледі»,  деп түсіндіргені бар.
Бір қызығы, мұндай мәлімдеуден соң, сол 2002-2003 жылдары қазақ¬стандық мұнай өндірушілер мен оны сыртқа сатушылар өздерінің пайдасы мен үкіметпен есеп айырысуға қатысты бүкіл мәліметті жауып тастады. Мұнан былай: «Сыртқы қарызымыз көп емес, ол біздің экономикамызға қауіп төн-дірмейді»,  деген сөздер ғана айтылатын болды.
Дегенмен сыртқы қарыздың аты  сыртқы қарыз. Себебі, сыртқы қарыз  қайтарылуға тиіс және оған қосылатын өсімақы тағы бар. Бұл өсімақы өзге елдің экономикасын байытады. Сон¬дық¬тан сырттан қарыз алғаннан гөрі, ішкі-ауыс-түйісті тиімді пайдалану анағұрлым пайдалы.
Кез келген мемлекет сырттан қарыз алуға мәжбүр болған кезде, оны ішкі капиталын өсіріп, өз экономикасын нығай¬туға жұм¬сау үшін алады. Сыртқы қарыз мақсатты түрде жұмсалмаса, бұл екі түрлі шы¬ғынға алып келеді. Бірін¬шіден, қаржы өз мақсатында жұмсал¬майды, уақтылы қайтарылмайды, бірақ оның өсім¬ақысы өсіп жатады. Екіншіден, қар¬жы алғанда¬ғы басты мақсат орындалмай қалады. Ең соңында, сыртқы қа¬рыз өсе берсе, ол дефолтқа ұрынды¬рады.
Бүгін Қазақстанда сыртқы қарыз ел экономикасына қауіп төндіретін жағ¬дайға жетті деген дабыл жиі қа-ғылуда. Мұны республикалық бюд¬жет¬тің орындалуын бақылау мен қада¬ғалау үшін құрылған Есеп комитеті де жоққа шығармайды.
Бүгінде Қазақстанның барлық сыртқы қарызы  111 миллиард доллар! Қазiрдің өзінде сырт¬¬қы қарыз  iшкi  жалпы өнiмнің көле¬мінен 100,8 пайыз¬ артық! Сөй¬тіп, сыртқы қарыз көлемі мемлекет үшін белгілі бір қауіпсіздік шектеуінен әлде¬қашан асып кетті! Өйткені шеттен қаптатып қарыз ал¬ға¬ны¬мызбен, қайтарғанымыз ша¬малы.Сондықтан біздің «ІЖӨ» пәленбай пайыз өсті деп, ауық-ауық кеуде қағуымыз  бос былжырақ!
Иә, мұнан 10-11 жыл бұрын 7-8 миллиардтан басталған қарызымыз бүгін 111 миллиардқа жетті. Мұны 17 миллион қазақстандыққа бөлсеңіз, орта есеппен әр адамға 7 мың доллардан келеді екен. Тиын санап, күн көріп жатқан ха¬лықтың доллар емес, теңге түріндегі қарызының өзі жетіп артылады. Қазір ел бесік той үшін, баласына үй салып, үй¬лендіру үшін де несие алады. Тұрақты жұмысы жоқтықтан, халықтың дені не¬си¬е¬¬ні қайтара алмай қиналуда. Мұның сыртында балабақша мен мектепке, жоғары оқу орнына төлейтін қарызы мен пәтерақы қарызы, тіпті күнделікті ішіп-жейтін азық-түлігі үшін дүкендер мен дүңгіршектерге де қарызы бас кө¬тертпейді! Сонда миллиардтаған қа¬рызды бүгінгі билік қалай төлемек? Әр謬¬не, қалай болғанда да, салық төлеу¬ші¬лердің, яғни сіз бен біздің есебі¬міз¬ден!
Экономистердің есебі бойынша, бұл қарыздан құтылу ұзақ уақытқа созылады. Егер шикi¬зат көздері шетелдiк ин¬вес¬торларға сатылмай, өз қолымызда болғанда, мемлекет сыртқы қарызын он жыл iшiнде өтей алады екен. Бірақ билiк кезiнде шикiзат саласын шетелдiктерге арзан бағаға сатып жiберген. Қазiр бұл бай¬лық¬тың қызығын шетелдiк инвесторлар ғана көрiп отыр.
Үкімет пен мемлекеттік органдар сырт¬қы қарызды бақылаудан шығарып алғаны белгілі. Бұл «олқылықтың» орнын толтыру үшін, Есеп комитеті құрыл¬ған болатын. Республикалық бюджеттің орындалуын талдау мен бақылауды жүр¬гізетін Есеп комитеті сыртқы қарыз¬ды есептеудің тетігін жасаған сияқты. Бірақ дәл қазір дабылы жер жарып тұр¬ған сыртқы қарыздың қайда жұмсал¬ғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Мәсе¬лен, Есеп комитеті: «Барлық мә¬лімет пен талдау жасау қорытындысы пре¬зи¬дентке жолданды, сонда бәрі айтыл¬ған»,  деп сырғақтайды. Сонда бұл коми¬теттің не үшін құрылғаны тағы да түсінік¬сіз.
Мәселен, Ресей шеттен алған қары¬зын, негізінен, теміржол тармақтарын салуға жұмсады. Ал Қазақстанда сырттан келетін қыруар қаржының кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ең көп қарыз алған сала  қаржылық қызмет, гео¬ло¬гиялық барлау мен құрылыс саласы, автомобиль жолдарының құрылысы екені ғана белгілі. Астана, Астанадағы әуе¬жай құрылысына шетел инвестициясы көп¬теп жұм¬салған. Ауыл шаруашылығы өнер¬кә¬сіп¬тік секторындағы қаржының мақ¬сат¬ты түрде пайдаланылмағаны туралы ақпарат та бар.  Дегенмен Есеп комитеті мұнан екі жыл бұрын үкіметке сыртқы қа¬рызға бірте-бірте шек қою тетігін жасауды ұсынды. Бірақ Қазақстан сыртқы қарыз көлемін арттырмаса, кеміткен жоқ.
2010 жылы ғана бұрынғы қа¬рыз¬дың үстіне 25 миллиард доллар қарыз қосылды. (Са¬лыстыру үшін айтсақ, сыртқы қарыз 1999-2003 жылдар аралығында 7-8 миллиардтан 16 миллиард¬қа жеткен. 2004 жылы бұл көр¬сеткіш 32 миллиардқа, 2005 жылы 43 миллиардқа жетті. Бұған 2007 жылы 23 миллиард доллар, ал 2008 жылы  11 миллиард доллар қосылған. Сонда соңғы 10 жылдың ішінде, ең көп қарыз алу  2010 жылдың үлесіне тиеді).
Мұндай көпе-көрінеу ақпаратқа қарамастан, үкімет бүгінгі күні өз мойнында аса ірі қарыз жоқ екенін айтып, қалың көпшілікті алдарқатқысы келеді. Үкімет көрсетіп отырған қарыздың басым бөлігі  компаниялар мен жеке субъектілер арасындағы өзара қарыз-мыс. Яғни 111 миллиардтың ішінде жеке сектордың қарызы (мемлекеттік кепілдіксіз)  108,5 миллиард, мемлекет кепiлдiк берген сыртқы қарыз  2,7 миллиард доллар ғана көрінеді.
Ал Есеп комитеті болса аса қомақты қарыз көбіне мемлекетке қатысы бар құрылымдарға тиесілі екенін айтады. Бұлар  түрлі ұлттық компаниялар, екін¬ші деңгейдегі банктер, мемлекеттік даму институттары. Олар өз рейтинг¬терін пайдаланып, жеңілдетілген несие¬ге үнемі қол жеткізіп отырады. Бұл құ-рылымдарда мемлекеттің де үлесі бол¬ған соң, қарыздың белгілі бір бөлігі (Қазақстанның жағдайында, әрине, қа¬рыздың көп бөлігі) мемлекеттік бюджеттен қайтарылатыны  айтпаса да түсінікті.
Әдетте, республикалық бюджетте сырт¬қы қарызды қайтару үшін қаржы жоспарланады және мұнда тұрған еш¬қандай да заңсыздық жоқ. Бірақ Қа¬зақстандағы сырттан қарыз алудағы өзін¬дік «ерекшелік» бұл заңдылықты жолда қалдырады.
Айталық, 2007 жылдан бастап, бюджет заңдылықтарында болмаған қағида енгізілді. Кейбір жекелеген инвести¬циялық жобалардың жү¬зеге асырылуын үкімет өз жауапкер¬ші¬лігіне алатын келі¬сім-шарттар жасала бастады. Нәтиже¬сінде, «Жеке кәсіпкер¬дің есебі¬нен жү¬зеге асырылады» дейтін жобалар кө¬бейді. Ал шын мәнінде жеке кәсіпкер салған қар¬жының бұл жерде көлеңкесі де болмай шығады.
Мәселен, Есеп комитеті «Шар  Өскемен» теміржолының құрылысына қатысты мынандай жайды анықтаған. 2005 жылы Қаржы министрлігі бұл жобаны жүзеге асыру туралы «АТФБанк»-пен екі арада 21,4 миллиард теңгенің келісім-шартына қол қояды. Яғни бюджет заңдылықтары дөрекі бұзылып, Қар-жы министрлігінің жауапкершілігі арқылы зейнетақы қорының қаржысы жобаға жұмсалады. Қаржы министрлігі тарапынан мұндай келісім-шарт «Сол¬түстік Қазақстан  Ақ¬төбе» жол жобасына (15,7 миллиард теңге) қатысты жасалған. Жобаны жү¬зеге асыру үшін, жекеменшік «Батыс¬транзит» АҚ құрыла салған...
Мәселен, қаржы сарапшылары Мой¬нақ ГЭС-нің қаржылық жағдайы тұрақты емес деп қорытынды шығара¬ды. Мемлекеттен бөлінетін гранттың қайтарымы болатын-болмайтыны бел¬гісіз бола тұра, Қаржы министрлігі мем¬лекеттік кепілдік арқылы 25 миллион доллар беру туралы келісімге қол қоя¬ды. Заң тұрғысынан алғанда, эконо¬микалық жағдайы тұрақсыз жекеменшік иелеріне мемлекеттік кепілдік берілмеуге тиіс!
Экономистер мен сарапшы¬лар¬дың айтуынша, шеттен қомақ¬ты қарыз алуға біздің ел әбден дағдыланып кеткен. Яғни бұның астарында «мен кеткен соң, күл болмасаң бүл бол» деген қағида жатыр. Айталық, «Қазақстан Теміржолы» қысқа мерзім¬ді қарыздар алып, оны екінші бір несиемен жабуды әдетке ай-налдырған. Мұндай компаниялар елде өте көп. Бірақ мұндай жағдай өмір бойы жалғаса бермейтіні анық, түбі бір дағ¬дарысқа алып келеді. Мәселен, екінші деңгейдегі банктер өздерінде қаржы болмаған соң, қазірдің өзінде кәсіпкер¬ліктің дамуы үшін несие бере алмайды.
Ал сыртқы қарызды тиімді пайдалану болмаған жерде ең басты қатер  өзге ел алдындағы экономикалық және саяси тәуелділік мәселесі туындайтыны белгілі. Рас, шетелге тәуелдi болмаудың бірден-бір жолы бар. Ол  халықаралық валюта қорынан несие алу. Бiрақ билiк неге екені белгісіз халықаралық ұйым¬нан несие алғысы келмейді. Оның орнына жеке елдерден қарыз алудан тартынбайды. Ресми деректер бойынша, Қазақ¬стан ең көп қарыз алған ел  Нидерландия (39,6 миллиард доллар). АҚШ-тан 7,8 миллиард, Ұлыбрита¬ния¬дан 7,5 миллиард доллар қарыз ал¬ғанбыз. Қы-тай¬дан 7,3 миллиард доллар қарыз алдық. Оның 3,4 миллиарды   банктік несие.
Алайда Қытайдан алынған қарыз бізге аса қымбатқа түсті. «Маңғыс¬тау¬мұнайгаздың» 50% акциясын қытай¬лық¬тар иеленді. Сөйтіп, қытайлық компа¬ния¬лар бүгінде елiмiздiң мұнай актив¬терiн бөлiсуде.
Қазiрдiң өзiнде Қытай энергетика мен минералды ресурстарды иелене бастады. Ал экономикада шетел капи¬талының өсуi  экономикалық және сая¬си қауiпсiздiкке қатер төндiретiнi сөзсіз.

Гүлмира ТОЙБОЛДИНА,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 37 (74) от 20 октября  2010 г.

ӘЛҚИССА
Екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарызы алдын ала мәліметтерге сәйкес, $20,5 млрд құрап отыр,  деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов. «Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында банктердің сыртқы қарыздарының көлемі 5 млрд долларға кеміді және шілде айының соңында 25,1 млрд долларды құрады. Ал алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда ол 20,5 млрд доллар шамасында», деді Б.Тәжияқов үкімет отырысында.
ҚазТАГ.

 

Карикатура Сергея Корсуна

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520