Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2301 0 пікір 20 Қазан, 2010 сағат 19:52

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ: МЕН ҚАЗАҚСТАНДАМЫН. ҚАЗАҒЫМНАН КЕТПЕЙМІН

Дүйсенбі күні «Азат» партиясы « Әділ сайлау өткізуді ұйымдастырудың проблемасын шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Астанадан арнайы келген Тоқтар аға Әубәкіров те қатысты. Кеңес Одағы авиациясының дамуына ширек ғасырдан астам уақыт атсалысқан айбынды батыр - Тоқтардан кейін исі қазаққа әскери-соғыс ұшақтарын сынау мүмкіндігі туған жоқ. Ғарышты бағындырған қазақ өткен жылы «Азат» партиясына кіріп, оның төралқа мүшелігіне сайланғаны жөнінде оқырман қауым хабардар. Ал біз өз тарапымыздан елдегі билік саясатына қатысты бірер сауал қойғанды жөн көрдік. Батырдың батыл жауаптары, міне!

 

- Тоқтар аға, Астанадағы «инсульт науқаны» жөнінде көп айтылды. Осы шудан кейін белгілі болған бір жайт: Назарбаев жалғыз көрінеді. Оның төңірегіндегілер - өз жағдайларын күйттеген тобыр ғана. Міне, айтқыштар осылай деседі. Сіздің пікіріңізді білсек...

Дүйсенбі күні «Азат» партиясы « Әділ сайлау өткізуді ұйымдастырудың проблемасын шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Астанадан арнайы келген Тоқтар аға Әубәкіров те қатысты. Кеңес Одағы авиациясының дамуына ширек ғасырдан астам уақыт атсалысқан айбынды батыр - Тоқтардан кейін исі қазаққа әскери-соғыс ұшақтарын сынау мүмкіндігі туған жоқ. Ғарышты бағындырған қазақ өткен жылы «Азат» партиясына кіріп, оның төралқа мүшелігіне сайланғаны жөнінде оқырман қауым хабардар. Ал біз өз тарапымыздан елдегі билік саясатына қатысты бірер сауал қойғанды жөн көрдік. Батырдың батыл жауаптары, міне!

 

- Тоқтар аға, Астанадағы «инсульт науқаны» жөнінде көп айтылды. Осы шудан кейін белгілі болған бір жайт: Назарбаев жалғыз көрінеді. Оның төңірегіндегілер - өз жағдайларын күйттеген тобыр ғана. Міне, айтқыштар осылай деседі. Сіздің пікіріңізді білсек...

- Мен үшін мұндай «науқанға» баға беру қиын, өйткені шындықты ешкім білмейді. Ресми ақпарат пен қауесеттің аражігін айыра алмайсыз, көрген жоқсың, демек сыртынан тон пішпе деген қағиданы ұстанам. Президент өзінің қасына қарабасының қамын ғана ойлайтын «ұрылардың» тобын жинады. Барлығын қаралаудан аулақпын, алайда елдің бар байлығын: мыңдаған гектар жері мен шикізат көздерін иемденіп алып құтырғандар «мен кімнен кеммін» деп, мұндай әрекетке әдейі барған. Атамыз қазақта жақсы сөз бар емес пе: «семіздікті қой ғана көтереді» деген. Осы жайтты президент те ұмытпауға тиіс, әрі өзіне де ой салған шығар, қасына қызметке алған шенеуніктердің мінез-құлқын терең зерттеп, парықтаған болар. Біз өз тарапымыздан баяғыдан бері ескертіп жүрміз ғой, өз басын ғана ойлайтындар президенттің маңына жиналып алып, мемлекетті, халықты ұмыт­қанын.

 

- Жеке басқа табыну негізінде жасақталған биліктің саяси дағдарыс жағдайында тұралап қалатыны белгілі болды. Бұл жағдай елдің болашағына қаншалықты қатерлі деп ойлайсыз?

- Ел түгілі, мемлекетке жаны ашымайтындар президентке тікелей қастандық жасамаса да, сондай әрекетті ойластырғандарының өзі биліктің саясатына қайшы. Болашаққа төнетін қауіптің алдын алу үшін, бар мәселені түбінен зерделейтін кез келді.

 

- Саяси биліктегі дағдарыстың нәтижесі ОБСЕ саммитінен кейін белгілі болады деген пікір бар. Назарбаев Саммитке келетін қонақтарды үркітіп алмау үшін, мемлекеттік төңкеріс мәселесін ушықтырмауға нұсқау беріпті. Осы пікір сізге қандай ой салады: саммитке бола мұндай қатерлі дүниені жасырып-жабуға бола ма?

- Қандай қиындық болса да, әділдік жеңуі керек. Егер президент мәселені ушықтырмай шешкен болса, оның бұл қадамы кешіріледі. Бірақ ары қарай ештеңеге мән бермей, елдің бола­шағына қауіп әкелетін ашкөз тобырды қасына жинай беретін болса, президентке кешірім жасауға болмайды деп санаймын.

 

- Саммитке дайындық шығыны Азиада ойындарының шығынына шамалас дегенді айтып жүргендер көп. Желге ұшатын осынша қаржыны елдің әлеуметтік жағдайына жұмсасақ болмас па еді? Жалпы, осы ОБСЕ саммиті бізге қаншалықты қажет? Оны не үшін, кім үшін өткізуге жанталасып жатырмыз?

- Саммитке алпауыт мемлекет басшылары Қазақстанмен танысу үшін келе жатыр. Бір жағынан, елді көрсетіп, атын әлемге таныту үшін мұндай жиын керек-ақ. Ал, екінші жағынан, сол жиынға кететін қыруар қаржылай шығынды ойласақ, ішің удай ашиды. Халықтың тұрмыс жағдайы мәз емес, оның үстіне биылғы жылы астық та бітік шықпады. Мал азығына қажетті жем-шөп қоры да көңіл көншітетіндей емес, тіпті картоп, сәбіз сияқты көкөніс те қат дүниеге айналар түрі бар. Іргелі шаруашылық ұжымдарына тарап кету қаупі төніп тұр. Үкімет несие береміз деп ұрандатуда. Несиесінің үстемесі тым көп. Оның өзін әкім-қараларға жақын жүргендер ғана алады. Сондықтан қазына қаржысын саммит өткізуге шашқаннан гөрі, елдің тұрмыс жағдайын оңдауға жұмсаған дұрыс болар еді.

 

- Саммит өткен соң, елдегі қымбатшылық күшейеді деп болжайды бірқатар экономис­тер. Мәселен, билік қазірдің өзінде азық-түлік бағасын күшпен ұстап отыр. Тіпті нанның өзі қымбаттап барады. Бұл елдегі дағдарыстың екінші толқыны емес пе?

- Өткен жылдары билік диқандардың ала жаздай төр төккен еңбегін еш етіп, қолдан қиындық туғызып еді. Қыруар астық қардың астында қалып, шіріп кетті. Енді сол бидайдың киесінің кесірі тағы да қара халыққа тиюде. Нанның қымбаттауы - ауылдағы ағайындар үшін жасалған қастандықтың ең зоры деп білем. Әрине, бидайдың бағасы өссе, нан қымбаттайды, жем-шөпке зәру аймақтар етті қымбаттатады. Былтырғы қаҺарлы қыстың аязынан жүректері шайлыққандар ерте күзден малын со­йып сатуға кірісті, күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасы екі есе өсті. Бұл қандай сұмдық! Саммит өткен соң, елдің қазынасы да ортаяды, қым­батшылықтың көкесін сонда көреміз. Айналып келіп, бар ауыртпалық халықтың мойнына артылады.

Қараша айынан бастап, бюджеттік мекеме қызметкерлерін қысқарту бас­талатыны мәлім болды. Демек, елдің жалпы тұрмыс жағдайы кері кетіп барады деген сөз. Алдымызда не боларын кім біледі. Бәрі де әлемдік дағдарыстың әсеріне байланысты деген уәж айтылуда, осындай жағдайда қазақты малдан ажыратпау керек деген мәселеге ешкім басын ауыртып отырған жоқ. Кедей шаруаның жанын малы ғана сақтап қалады, ал ауылдың арқалаған азабы қашан таусылары белгісіз.

 

- Тоқтар аға, сізбен әңгімелескенде ғарыш тақырыбынан айналып өту мүмкін емес. Жеті қат көкті игерген өзіңізден кейінгі ұрпақ жиырма-отыз жыл ішінде қанатынан қағылған қыран құстың кейпіне түсті. Ғарышқа ұмтылған ұландардың жолын кескен кім?

- Барлық жауапкершілікті де, кінәні де ғарышты игеруге қатысты биліктің жүргізіп отырған саясатынан іздеу керек. Бізден кейін жалғасын табатын мә­се­леден қаржы аямау керек еді. Қа­зақ­станның байлығын кім иемденбей жатыр, бей-берекет жұмсалған қаржыны ғарышкер дайындау тәжірибесіне жұ­м­сау керек еді. Мәскеудегі «Жұлдызды қалашықта» барлық дайындықтан өтіп, ұшуға әзір тұрған Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановтың обалына қалды. Дайындалып ұшқалы тұрған сәтте зы­мы­ранның кабинасынан жұлып алса, оны бүтін бір мемлекетке қарсы жасал­ған әрекет демегенде, не дерсіз? Қа­зақ­станның Ғарыш агенттігін басқа­ратын Талғат Мұсабаев осы шаруаға бар күш-жігерін салуы керек. Қызғаныш деген мәселені кейінге ысырып, мемле­кеттің болашағына қызмет еткені абзал.

Қазақстан үкіметі «2009-2011 жыл­дарға арналған Ұлттық ғарыш агент­тігінің стратегиялық жоспары туралы» қаулыға өзгерістер енгізген болатын. Енгізілген өзгертулерге сәйкес, ғарыш саласының 2009 жылға жос­парланған бюджеттік шығындары 9 миллиардтан 6 млрд. теңгеге қысқарған. Оның ішінде жоспарланған 28-30 шараның саны 18-ге азайтылған. Қазақ баласы енді қашан ғарышқа ұшады, оны Қазақстанның Ғарыш агенттігі де дөп басып айта алмайды. Ал парламенте отырған азаматтардың ғарышты игеруге қатысты пікір айтуға дәрмендері жетпейді. Еріксіз әлемдік даму үдерісіне ілескен ғылымнан хабарлары жоқ деуге тура келеді. Қазақ елі ғарышты игеруге кішкентай болса да өз үлесін қосса, ондай қадам ең алдымен ел экономикасын көтеру үшін, жаңа технологияларды зерттеп, жасап шығару үшін керек қой.

 

- Байқоңырды қазақтың өзі игеретін күн туа ма?

- Билік құлықты болса, дәл бүгін игеруге болады. Алайда ондай қадамға баруға біздің жоғарғы биліктегі бас­шылардың намысы мен дәрмені ғана жетпей тұр. Күндердің күнінде Байқо­ңырдан орыстардың өздер кететіні анық. Бірақ бізге тозығы жеткен айлақ қалуы әбден мүмкін. Оңды-солды ша­шылған қаржыны Байқоңырға жұмсап, өзге елдерден білікті мамандар шақыра отырып, қолымызға алуымыз керек. Сонда ғана Байқоңыр қазақтың игілігіне басы бүтін өтеді.

 

- Тоқтар аға, қазір сіз қандай шаруамен айналысып жүрсіз? Тек қана зейнеткерсіз бе, жоқ әлде атқарып жүрген басқа да жұмыстарыңыз бар ма?

- Менің қазір зейнет демалысында екенімді бүкіл жұрт біледі, мен - зейнет­кермін. Депутаттық мандатымды тапсырып кеткеннен бері мені ешкім ешқайда шақырған емес. Мен Қаз­ақстандамын. Ешқайда кеткен жоқпын, тіпті қуса да, қазағымнан кетпеймін.

Бақытгүл

МӘКІМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 37 (74) от 20 октября  2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522