Лаумулин қайда «лақты»?
Бізде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты деген құрылым барын білерсіз. Сол институттың сарапшысы Мұрат Лаумулин «Эксперт-Онлайн» басылымына берген сұхбатында «Ұлтшыл-патриоттар мен исламшыл саясаткерлердің ымыраға келуіне жол бермеу керек» деген пікір айтып қалыпты. Біле жүріңіз, біздегі саясаттың ұлы мақсаты да осы көрінеді. Лаумуллиннің лек-лек ойына лайықталсақ, отанымызда Ислам оппозициясы пайда болса, қазіргі қорқынышымыз оның қасында ойнамай қалады екен. Сондықтан Лаумуллин: «Олар әр тілде сөйлеп, түрлі құндылықтарға тәу етіп жүрсе, яки біреу Алла тағалаға, біреу Тәңірге сеніп, енді біреуі номадизм, біреуі Таяу және Орталық Шығыспен бірігу туралы сөз саптап жүрсе, біздің көңіліміз тыныш болады. Егер олар ортақ тіл тауып кетсе, ішкі саяси тұрақтылығымыз үшін оның салдары ауыр болады», - деп сөздің турасына көшіпті. Журналистің «Олар ортақ тіл таба ала ма?» деген сауалынан «Ары қарай не боларын білмеймін» деп жалтарыпты. Шыны керек, саяси ғылымдардың докторы, профессор деген дардай атағын М.Лаумуллин шетел тақырыбындағы зерттеулерімен сүйсіндіретін. Багажына білімнің алуанын бөктеріп алған. Бірақ сол білімін айлаға, зымиян қулыққа жұмсап, аз қазақтың ішін алатайдай бүлдіруді көздеп жүрген адамнан не үміт, не қайыр?.. Тегінде бұндай адамның бұлың-пұшпағын, қалтарыс-бұлтарысын біліп жүрген жөн.
Бізде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты деген құрылым барын білерсіз. Сол институттың сарапшысы Мұрат Лаумулин «Эксперт-Онлайн» басылымына берген сұхбатында «Ұлтшыл-патриоттар мен исламшыл саясаткерлердің ымыраға келуіне жол бермеу керек» деген пікір айтып қалыпты. Біле жүріңіз, біздегі саясаттың ұлы мақсаты да осы көрінеді. Лаумуллиннің лек-лек ойына лайықталсақ, отанымызда Ислам оппозициясы пайда болса, қазіргі қорқынышымыз оның қасында ойнамай қалады екен. Сондықтан Лаумуллин: «Олар әр тілде сөйлеп, түрлі құндылықтарға тәу етіп жүрсе, яки біреу Алла тағалаға, біреу Тәңірге сеніп, енді біреуі номадизм, біреуі Таяу және Орталық Шығыспен бірігу туралы сөз саптап жүрсе, біздің көңіліміз тыныш болады. Егер олар ортақ тіл тауып кетсе, ішкі саяси тұрақтылығымыз үшін оның салдары ауыр болады», - деп сөздің турасына көшіпті. Журналистің «Олар ортақ тіл таба ала ма?» деген сауалынан «Ары қарай не боларын білмеймін» деп жалтарыпты. Шыны керек, саяси ғылымдардың докторы, профессор деген дардай атағын М.Лаумуллин шетел тақырыбындағы зерттеулерімен сүйсіндіретін. Багажына білімнің алуанын бөктеріп алған. Бірақ сол білімін айлаға, зымиян қулыққа жұмсап, аз қазақтың ішін алатайдай бүлдіруді көздеп жүрген адамнан не үміт, не қайыр?.. Тегінде бұндай адамның бұлың-пұшпағын, қалтарыс-бұлтарысын біліп жүрген жөн. Өйткені ол алаңда.., анда-мында жүрген көптің бірі емес, әлінше еліміздің ішкі және сыртқы саясатына орай сарапшының ойын айтып, пікір білдіріп, жөн-жоба нұсқай алатын аты дардай институттың белді маманы емес пе? Әлде әлгі институт қазақ қоғамына қарсы жұмыс істеу үшін құрылған құрылым ба? Бізге осыны анықтау керек болып тұр.
Өркен КЕНЖЕБЕК,
«Абай-ақпарат»