Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 09:46

Қорғанбек АМАНЖОЛ. ҚАЗАҚСТАН — АНГЛИЯ ДОП ДОДАСЫ:

Алдағы 6 маусымдағы Қазақстан-Англия футбол матчында өнер көрсетер өрендерімізге біздің жан­күйер­леріміздің айтар ақ тілегі осындай. Бірнеше белгілі адамға: “Сіз осы матчқа барасыз ба?” деген сұрақты көлденең тартқанда бұл риясыз ақ пейілді, өз футболшыларымызға деген үзілмеген үміт пен селкеу тартпаған сенімді аңғарып жатқанымыз қандай ғанибет еді.

Шора САРЫБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының акаде­мигі:

Алдағы 6 маусымдағы Қазақстан-Англия футбол матчында өнер көрсетер өрендерімізге біздің жан­күйер­леріміздің айтар ақ тілегі осындай. Бірнеше белгілі адамға: “Сіз осы матчқа барасыз ба?” деген сұрақты көлденең тартқанда бұл риясыз ақ пейілді, өз футболшыларымызға деген үзілмеген үміт пен селкеу тартпаған сенімді аңғарып жатқанымыз қандай ғанибет еді.

Шора САРЫБАЕВ, Ұлттық ғылым академиясының акаде­мигі:

– Мен бұл матчқа бара алмайын деп отырмын. Себебі, кезіндегі сүйікті командам “Қайраттың” құрметіне Тимур Сегізбаев сияқ­ты жайсаңдар Қай­рат деп ат қой­ған сүйікті ұлымның туған кү­ніне, Астанаға жол жүріп бара­мын. Бірақ өзім елордада болсам да, Ал­матыдағы бұл ойын үшін аса алаңдаулы екенімді жасыра алмаймын. Неге десеңіз, 2010 жылғы әлем чем­пионатының іріктеу турнирінде біздің Қа­зақ­станның құрама командасы екі рет ойсырай ұтылды. Фут­болшы жігіттерімізді қайдам, осы жайға өзім қатты намыс­танулымын. Фут­бол феде­ра­­ция­мыздың бас­шы­лығына да өкпем жоқ емес. Шеттен Шторк деген бас бап­керді ал­ды­рып, құраманың тіз­гінін қо­лына беріп қойды. Ол болса қазір ешкімнің сөзін тың­да­май­ды. Бұрыннан ойнап жүр­ген мықты ардагер­лерді де, орта буын футболшы­ларды да ойнай алмайды деп шетке қақты. Не­гізінен тәжіри­бесі жоқ жастарға иек артып отыр. Ал олар алда­ғы матчта 10:0 болып ұтылса, мас­қарамыз сонда шықпай ма, деп  әлден-ақ күйзе­ліп күйіну үстін­демін. Неғып өзі­міздің тә­жіри­белі, сауатты ойын­шы­лары­мыздан білгір бапкер дай­ында­май­мыз? Алдағы ойында ел на­мы­сы сынға түседі емес пе. Ен­деше, осы жауапты сын­да жігіт­теріміз жерге қаратпаса екен деймін.

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық жазушы­сы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты:

– “Қайраттың” жан­күйері болғанымызға да жарты ғасыр уақыт өтті. Қазақстан­ның құрама командасы болады деп кім ойлаған ол күнде. Соң­ғы төрт-бес жылдан бері елі­міздің құрама командасы бі­реулерден ұтылып, біреулерді ұтып ұзын жолға шық­ты. Алла жаз­са, алды­мызда Африка же­рін­де өтетін фут­болдан дүние­жүзілік бірінші­лікке Қазақстан футбол коман­дасы да қатыспақ. 6 маусым, сен­бі күні Алматыда дүние­жү­зілік бәсеке іріктеу ойындарының бірі Ан­глия­ның құра­масымен өтеді. Мен бұл мәр­тебелі матчқа өзім, ұлым, не­ме­релерім түгелдей бара­мыз. Мә­селе кім­нің ұтылып, кімнің ұт­қанды­ғын­да емес. Мә­селе фут­бол Отанының жампоз­дарымен жа­рысқа шығып, еліміздің туын көтеретінімізде. Қа­зақстан құрама­сына бақыт, ме­рей тілеймін. Біздің балала­ры­мыздың мерейі әрқа­шан үстем болсын.

Хайырболат ХАЙДАРОВ, Алматы қаласы туризм, дене­шынықтыру және спорт басқар­масының бастығы:

– Қызмет бабым мені бұл матчқа баруға міндеттейтіні үшін де қуаныштымын. Алда болатын Қазақстан – Англия матчы бар­лық спорт жанкүйер­лері ара­сында үлкен қызығу­шы­лық, ықы­лас-ынта туғызып жатқаны бә­рімізге аян. Қазақ­стан фут­болы­ның тарихында тұңғыш рет әлемдік футболдың әйгілі сайып­қырандарының командасы бізге ресми матч ойнауға келе жатыр. Мұның өзі бір жағынан үлкен мерей, мақ­таныш. Ол команда­ның құра­мында жер жүзіне даңқы кет­кен шебер ойыншылар ойнай­ды. Демек, олар Алматы ала­ңында да тамаша ойын өр­негін көрсетеді деп үміттенемін.
Бі­рақ біздің Қазақстан құра­ма­сының футболшылары да тұ­манды альбиондықтардың те­геурініне төтеп беріп, лайықты қарсылас болуға ұмтылады деп ойлаймын. Әрине, мұндай атақ­ты командаға дес бермеудің де оңай еместігін жақсы түсі­неміз. Соған қара­мастан, біздің спорт­шыларымыз жеңіске де­ген ерік-жігер мен табан­ды­лық-қайсар­лықтарын молынан танытып, матчтың өне бойын­да жақсы ой­нап шығуға тырысатынына сен­гім келеді. Қалай болғанда да қыз­ғылықты матчтың куәгері бо­латынымыз анық. Әлемдік фут­бол аспа­нында да көкбайра­ғы­мыз желбірей берсін.

 

 

Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371