Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4836 0 пікір 10 Мамыр, 2017 сағат 12:26

Неге өзімізден төменге мүсіркей қараймыз?

Ертеңіміз белгісіз...Әнеу күнгі мүгедектер арбасына таңылып, қайыршы боп отырған ағай да көрінбейді бұл күнде. Дәл сол кезде алаңдап тиын салған көп жан бүгін оны ұмытқан. Ұмытты дейміз ғой есінде сақтауға да мұрша берген жоқ-ау тіршілік.

Дәл сол кез өзінің қайыршы емес екеніне шүкір деп бір сәтке тәубесіне келген көп адамның бірі едім ғой мен де. Ол кеше еді. Бүгін қолымыздағы титтей тиынымызға масаттанып, өзімізден төменге мүсіркей қараймыз. Біз мүсіркейтіндей кім болдық сонда? Қызық ә?!

Ал, ертең не болатынын білмейміз. Бірақ, жоспарымыз көп. Бұл - заңдылық. Әйтсе де, бәрібір қарын қамын, тиын санын ойлап кете беретініміз несі екен?... Мен ертең емес, одан кейінгі, одан кейінгі, одан кейінгі күні не істейді екенмін?! Қай өмірде, қай жүректе, қай тілекте болады екем?

Мен күткім келеді. Ертеңді. Осылай отырып. Сосын сізді. Ғажайыптарға сенемін. Сізге де. Анау жұдырықтай қызыл ет жақсылыққа сенеді. Кешегімді өшірмей, бүгініме есірмей, ертеңіме сеніммен қарағым келеді. Кешегідей болайықшы. Құтқарыңыз...Кім білсін, қанша ғұмыр кешерімді...

Раушан Пердебай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371