Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 31495 29 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 12:31

76 жастағы Елбасы ағылшынша үйренгенде, 40 жастағы министрлердің қазақ тілін білмеуі - ұят

Елбасы Назарбаев Университетінің басшысы Шигео Катсуды Ақордада қабылдады.

76 жастағы Елбасы шетел азасматымен (Университет басшысы Шигео Катсуды айтамыз) ағылшын тілінде әңгімелесті. Университет жұмыстары жайлы сұрап, Катсудың баяндамасын тыңдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілінде (ана тілінде) том-том еңбектері жарық көрген.

Кешегі кеңестер одағы тұсында үлкен саясаттың алаңына кірген Назарбаевтың орысшаға да тілі жетік екені белгілі. Енді міне, жасы егде тартқанда ағылшын  тілі үшін аудармашыны керек етпей отыр.

Елбасының «Please, your report» деп басталған кездесуінен түйгеніміз, тіл үйренбек адамға жас та, басқа да кедергі емес екен.

Нұрсұлтан Назарбаев 76 жасында ағылшын тілін үйреніп алғанын көрген кезде Тәуелсіздіктің 26 жылында қазақ тіліне тілдері сынбаған министрлердің жайы еске түсті.

Мемлекеттік тілден мақұрым министрлерге Елбасы үлгі болар. Сазарған бетім сазарған деп отырған министрлер мұны түсінеді ме? Әй, қайдам...

Түсінсе, Тимур Сүлейменов «ана тілімді ұмытып қалдым» демес еді ғой. Ұлттық экономика министрлігіне тағайындалған Тимурды тілден бездірген - Мәскеу. Сол жақта бес жыл жүріп,  қазақшаны ұмытып қалғанын өзі айтты. Айтпақшы, «6 айда қазақша сайрап шығамын» деп ант су ішкен еді.  Мамырда 4 ай толады. Әзірге Тимур қазақша жақ ашқан жоқ.

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев та тіл үйренуге тұп-тура 1 жыл уақыт сұраған. Уәдесінде тұрды ма? Ал Ерлан Ыдырысов, Владимир Божко секілді кей шенділер «басымды кесіп алсаңдар да қазақ тілін үйренбеймін» деп ашық айтқан.

Бұлардың ізімен, Әділет Министрі Марат Бекетаев та мемлекеттік тілді білмейтін болып шықты. Заңға жауапты министр Заңды өрескел бұзып отырғанына бас ауыртпайтын болса керек. Бұл да 1 жыл уақыт сұрады.

Айта кету керек, Сүлейменов (39 жас) те, Бекетаев (39 жас) та, Ақышев(40 жас) та - қылшылдап тұрған жастар. Биліктің жас кадрлары қазақ тілін білмей-ақ құзырлы орындары мен пәрменді қызметтерге қонжиғаны күдікті ойларға жетелейді. 40-тағы үшеу 76-дағы Назарбаевтан үлгі алып, ана тілінде (қазақ тілі) сөйлеп шықса, хош... Бұл бір жыл да өтер. Қалған әңгімені сонда тағы да айта жатармыз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051