Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7409 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:05

Егемен елдің ертеңі

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолға алуымен соңғы жылдары барлық ауданда жастар форумының жүйелі жалғасын тапқаны белгілі. Әртүрлі тақырып төңірегінде өткізілген игі шараның берері аз емес.

Биылғы жылғы облыстық жастар фестивалі Райымбек ауданындағы қастерлі де қасиетті Қарқара жайлауындағы Ереуілтөбеде өткізілді. Бұл шын мәнінде тарих беттеріне алтын әріптермен жазылып қалған өңір, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бір ошағы болған жер. Аты айтып тұрғандай, дәл осы Ереуілтөбеде Ұзақ пен Жәмеңке бастаған қалың ел ақ патшаның әскердегі қара жұмысқа адам алу жөніндегі жарлығына қарсы шықты. «Бала өлгенше шал өлсін» деген бір ауыз сөз ұранға айналып, қалың ел патша әскеріне қарсы ұрысқа көтерілді. Бұл көтеріліс сәтсіз аяқталғанымен қазақтың тәуелсіз ел болсақ, бодандықтан құтылсақ деген арман, мақсаты, мүддесінің бір тұтануы болды.
Ел бас қосып ақылдасқан Қарқара жайлауындағы Ереуілтөбеге ескерткіш орнатылған. Ол Қарқара көтерілісінің 90 жылдығында қайта жаңғыртылды. Көтеріліс қаһармандарының құрметіне үлкен ас берілді. Райымбек ауданында Ұзақ пен Жәмеңкеге арналған ескерткіш орнатылды. Ұзақ селолық округі бар. Жәмеңкенің және Қазыбек Шормановтың атында бір-бір мектеп бар. Көптеген көтеріліс қаһарманының аты көшелерге берілген.

Облыстық жастар форумының дәл осы тарихи орында өткізілуінің үлкен мәні болды. Жастардың еліміздің өркендеу жолындағы тарихын білуі, көкейлеріне сақтап жүруі аса маңызды. «Қазақстан - кең-байтақ, ортақ Отан» атты облыстық жастар форумына барлық ауданнан, ішкі саясат бөлімдерінен, жастар ұйымдарынан өкілдер қатысты. Бұл игі шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбайдың, облыстық мәслихат хатшысы Ардақ Сыдықтың қатысуы көп көңілін бір көтеріп тастады.
Осы күні Еңбек Ері Жолсейіт Молдасанов, Кеген ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы Әбдуәли Шелекбаев бастаған көпшілік қауым Ереуілтөбедегі көтеріліс құрбандарына қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Бұдан кейін «Қазақстан» деп айшықты жазу жазылып бір шетіне Райымбектей батыр бабамыздың, екінші жағына Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері қойылған биік төбе тұсында облыстық жастар фестивалі басталды.
Аудан орталығындағы №2, 3 Кеген және Ө. Жаңабаев атындағы орта мектептің оқушылары бастаған ұлттық рәміздерімізді өрнектеген жастар шеруі жалғасын тапты. Бұған аудан аумағындағы Нарынқол, Жалаңаш, Текес, Сарыжаз, Қарасаз, Шалкөде, Бөлексаз, Шырғанақ, Қарқара, Қақпақ секілді 23 селолық жастар ұйымының өкілдері дайықты үн қосты. Туған Қазақстанымыз, тұңғыш Президентіміз жөнінде айшықты ұрандар айтылды. Көкбайрағымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтай естілді. Бұл күн шын мәнінде биыл Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мәртебелі төрағалығын бастаған, әлем таныған Отанымыздың мәртебесі мен мерейін көтерген күн болды.
Облыстық жастар фестивалінің ашылуында Райымбек ауданының әкімі Аян Айтжанов сөз сөйледі. Алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар мен жастар ұйымдарының өкілдеріне аудан тұрғындарының атынан ыстық ниетін жеткізді. Қадамдарына нұр тіледі. Аудандағы барлық селолық округта жастар ұйымдары жұмыс істейді. Аудандағы білім, денсаулық, басқа да салада жұмыс істейтіндердің дені жастар. Осыдан екі жыл бұрын облыстық жастар форумы дәл осы Райымбек ауданында тұсауын кескен болатын. Одан соң ауданның өз ішінде Нарынқол мен Жалаңаш, Сарыбастау ауылдарында жалғасын тапты. Міне, биылғы жылы да облыстық ішкі саясат басқармасының қолға алуымен, Райымбек аудандық әкімдігінің қолдауымен облыстық жастар фестивалі өрнегін тапты.
- Құрметті аудан тұрғындары! Жалынды жастар! Бүгінгі басқосуымыз - елімізде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындауға арналған шараларды іс жүзіне асырып жатқан уақытпен тұспа-тұс келіп отыр. Елбасының мемлекеттік жастар саясатын іс жүзіне асыруда облыс әкімі Серік Үмбетов зор қолдау көрсетуде. Қазіргі таңда облыста 1 миллион 835 мың халықтың 506636-сы жастар. Олардың 395255-і ауылдық жерде, 110381-і қалада тұрады. Облыста тіркеуден өткен 41 жастардың қоғамдық бірлестігі бар.
Олардың ішінде Қазақстан жастар Конгресі, «Ауыл жастарының одағы», «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақшылары, «Жастар үні» қоғамдық қоры, «Қазақстан студенттері Альянсы» жұмыс істейді. Сондай-ақ, облыс әкімінің қолдауымен «Жетісу жастары» жастар орталығы құрылған. 247 студент облыс басшысының арнайы гранты бойынша білім алуда. Оған 62,600 мың теңге бөлінген, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша облыста 723 жас маман жұмысқа орналастырылды. Дүбірлі жарыстарда үздік шыққан 45 спортшыға ай сайын стипендия төленеді. 15 спортшыға баспана берілді. Осының бәрі облыс жастарына көрсетіліп отырған үлкен қамқорлық, - деді облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Сүлейменова.
- Тәуелсіз Қазақстанның болашағы болар жастарымыз үшін ең алдымен білім керек, ақыл керек. Мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен осынау қасиетті өңірге, сіздерге сәлем беруге келіп отырмын. Мемлекет көлемінде жастарға арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде «Бірлігіміз жарасқан» атты үлкен акция жүруде. Бір адамға бір жылы сөз айтсаң, көмек көрсетіп жатсаң, соның өзі үлкен сауап дейді. Осы бағытта көп жұмыс қолға алынуда. Серік Үмбетов бастаған осы облыс ауқымында да іргелі істер қолға алынған. Оған қуанамыз. Бізді адастырмайтын осы ағаларымыздың жолы. Осында Елбасымыздың Жолдауына арқау болған Совет атамыз, Еңбек Ері Жолсейіт атамыз отыр. Бұл біз үшін, жастар үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе десем артық айтпаспын. Осы ағаларымыздың жүрген жолын жастарымыз біліп өссе адаспайды деп ойлаймын. Еңбектің қадірін біліп, Отанымызға үлкен көмек көрсететінімізді ұғынсақ, одан өткен қуаныш жоқ. Сіздердің бүгінгі фестивальдарыңызға жеміс тілеймін, - деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай.
Облыстық жастар фестивалінде Райымбек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Совет Оразаев, Қарасаз ауылындағы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектептің оқушысы Қадырақын Сабыржан құттықтау сөздерін арнады.
Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Гүлжиян Сүлейменова мен Райымбек ауданының әкімі Аян Айтжанов суретші Алмас Сырғабаевқа, журналист Әмір Қасановқа, Олжас Байбосыновқа, Талғат Сағындықовқа, Айнұр Әбдіқадыроваға, Елжан Райысовқа, Ерлік Маратұлына және тағы да басқа үлгілі жастарға лайықты марапат көрсетті.
Облыстық жастар фестиваліне қатысушы құрметті қонақтарға Райымбек ауданының өнерпаздары кең көлемді концерттік бағдарламасын ұсынды. Көк шалғыны, жадыраған күні жайнаған Қарқара жайлауындағы бұл игі шара көп көңіліне ыстық ұялатты.

Қанат БІРЖАНСАЛ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282