Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Аласапыран 7132 13 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 11:17

Жатырынан безген жақыннан жарылқайтын жат жақсы

 

  • Қазақша сөйлемейтін қазақ министрдің орнына қазақша сөйлейтін орыс, украин, неміс ұлтынан министр тағайындаса болды.
  • Енді аз жылдардан соң қазақ тіліне негізделген саяси ұлт қалыптасады.
  • Елімізді қазақққа толтырмасақ, азиялық ұлттар шақырмасаң да қаптап келмек.

 

Түзелген қате қате емес – сабақ. Қазақ тілі керек, ағылшын тілі жеке пән ретінде керек, оған орыс тілінің біраз сағаттарын беріп қойса, тіпті жақсы. Орыс тілін онсызда жақсы білеміз. Барлық ақпарат, теледидар орысша сайрайды. Алматының қазағы өзара орысша сөйлеcеді. «Бұларың қалай?» десең пәлеге қаласың. Орысқа қазақша білуі керектігі туралы айтсаң Нұратасының сөзін мысалға келтіріп, жанжалдаса жөнеледі.

Қазақ мектептері  латыншаға тездетіп ауысқандары жөн. Өйткені, қазақ ата-анасы мен баласы қазақ мектебін таңдауы келесі төрт - бес жылда 91 пайыздан 95 пайызға көтеріледі. Қазақ сайттары мен әлеуметтік желілер аман болса, қазақ тілі жеңе беретін сияқты. Қалған қазақтың 5 пайызы дүбәрә қазақтар.Олар –  орыспен аралас отбасылардың туындысы.Сонымен бірге қазаққа қарақалпақ, ұйғыр мен өзбек ағайын қосылып жатыр. Иә, межелеген 95% жақын. Осы қарқынды тоқтату үшін билік тағы бір эксперимент ойлап таппаса болды, әйтеуір. Енді аз жылдардан соң қазақ тіліне негізделген саяси ұлт қалыптасады. Ұлт теңдігі бар болса, болды шыққан тегің маңызды емес. Әр адам өз отбасының қамымен өз-өзін асырайды. Қазақша сөйлесең болды. Күнделікті тіршілікте тегіңді сұрайтын құда-андаласу керек емес.

Қазақ министрден қазақшаны талап ету оп-оңай – позитивтік дискриминация саясаты жақсы амал. Қазақша сөйлемейтін қазақ министрдің орнына қазақша сөйлейтін орыс, украин, неміс ұлтынан министр тағайындаса болды. Бұл саясаттың аты позитивтік дискриминация деп аталады. Екінші маңызды принцип: нормативтік ұлтшылдық. Адам және ұлт құқығын таптамай-ақ нормативті ұлтшылдық принциптерін орнатуға болады. Францияда шенеуніктер француз тілінен басқа тілді пайдаланбайды. Оған рұқсат жоқ. Германияда Меркель ханымнан саны көбейген түрік ұлты өкілдері түрік мектебін сұрағанда: «Мектеп берілмейді, Германияда тұратын болсаңдар интеграцияланыңдар», - деген жауап естіді. Ресейде орыс тілін білмесең азаматтық та, қара жұмыс та саған жоқ. Эстония, Латвия орыстардың көшіп келгенін қалайды. Себебі олар үй сатып алады, «ақ жұмыс» пен «қара жұмысты» істейді. Сол үшін оларға тіл мен заңдарды, Конституцияны білсе, азаматтық береді. Эстондықтар азая келе бір миллионға толмайтын санға жетті. Орыстар олардың өтпей жатқан қыздарын, тозған генофондын, дүниеге әлі келе қоймаған  немерелерін келтіріп, өспей жатқан ұлтын өсірмек. Бізде де туу төмендеп келеді. Енді шетелдік қазақтар келмесе, өсім сарқылады. Елімізді қазақққа толтырмасақ, азиялық ұлттар шақырмасаң да қаптап келмек. Демография мен миграциялар үрдістер бағыты мен заңы: халқы өз еліне симаған елдер кең байтақ елдерге қоныс іздеп тарайды.

Менің бангладештік, пәкістандық, индиялық достарым көшуге қолайлы мемлекет іздеуде екен. Қазақстан тұрмысқа қолайлы мемлекет екенін біледі. «Сенің елің жақсы, халықтың мінезі жуас, Қазақстанда тұруға болады» дейді маған олар. Мен: «Сендерге көмектесе алмаймын, бізде ол қылмыс болып саналады», - деймін.

Украинада бірнеше мемлекеттік лауазымдағы қызмет иелері - еврей тектілер, украин мүддесі мен тілі үшін жағыңды опыратын ұлтшылдар да сол тектестер.Украинаның Сыртқы Істерінің министрі Климкиннің тегі орыс, бірақ ол орысша білсе де сөйлемейді, тек украинше, не ағылшынша ғана тіл қатады. Ресей теледидары Украинада жабылды, енді сайттар мен газеттер ғайып болмақ.Украина православие шіркеуі Ресейдің сөзін сөйлейтін, енді Украина басшылығы олардың да істерін доғармақ.

... Міне, әлемде осындай үдерістер болып жатыр. Бұл көштен біз де қалып қоймай, келешегімізге көз тастай отырып, батыл қадамдарға баруымыз керек.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1506
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3279
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5771