Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
7327 0 пікір 31 Мамыр, 2017 сағат 13:14

Түркімен оқушыларын Азиада шараларына қатысуға мәжбүрледі

Түркіменстанда орта мектеп оқушылары мен ұстаздарын Азия ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай ұйымдастырылған шараларға қатысуға мәжбүрледі.

Ашхабадтағы бақылаушы Аманмырат Бугаевтың айтуынша, ұстаздардың көп бөлігі қазір демалыста жүр, бірақ олардан жаппай шараларға қатысатыны туралы қолхат алып қалған.

Бұған қоса, жаппай көрсетілімдерге қатысуға оқушылар мен студенттерді міндеттеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаппай шараларға қатысу қиынға соғады. "Күннің ыстықтығы 40-45 градусқа дейін жетеді, мұндай шаралар кімге керек?" - дейді Аманмырат Бугаев. Ол мұндай шараларға спорт саласының жұмысшыларын тартуды ұсынды.

Мемлекеттік баспасөздің хабарлауынша, президент Азиадаға жүз күн қалғанын атап өтуді тапсырған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036