Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5456 0 пікір 2 Маусым, 2017 сағат 00:14

Қазақстанда жетісулықтар бірінші болып темекіге қарсы шықты

Талдықорған қаласында Республикалық деңгейде алғаш рет  «Өзімнен бастаймын!» ұранымен шылым шегуді төмендету және оны шектеуге, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын «Темекі - даму үшін қауіпті» атты акция өтті.

Темекі  өнімдерінің зияндылығы жөнінде кеңес жұмыстарын жеткілікті тілмен, қызықты түрде түсіндірген медицина  қызметкерлері  халықтың назарын өзіне бірден аударды. Өтіп жатқан акцияда халықтың назары бірден флеш-моб билеген жастарға түсті. Ал еріктілер салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық парақшалар таратып, осы тақырыпта викторина ұйымдастырғанда тұрғындар белсенді араласып, сұраққа жауап бергендер сыйлықтарғаие болды. Арбатта өткен бұл шараға 150-ден астам азамат қатысты.

«Аталған акцияның негізгі мақсаты - шылым шегумен күресуге кең ауқымды қоғамды ынталандыру, немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы шараға қатысуға шақыру. Бүгінгі шарамыз тек бастама ғана. Алдағы уақытта біз осы бағытта жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Нұржан Олжабаев.

Ең қызықтысы шараға белсенді ат салысқан азаматтарға қалалық «Life Fitness», «Titan», «Hammer», «Master фитнес», «Фитнес Plus» фитнес-орталықтарына тегін абонементтер сыйланды. Шараның ұйымдастырушылары  Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің арқасында ұсынысымен Талдықорған қаласы тұрғындарына фитнес орталықтарына 15-30% арнайы жеңілдіктер қарастырылғаны туралы хабарландырылды.

Алдағы уақытта халықтың денсаулығын нығайтуға арналған шаралар жалғасын табады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052