Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4987 1 пікір 7 Маусым, 2017 сағат 02:15

Апамның қысқа қайырмалары

"Жақсы адамның жақсылығын айтқын, мейірленсін. Бірақ жағымпазданып өтірік мақтама! Нашар адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа!". Бауыржан Момышұлының осы сөздерін апам маған жиі айтады. Жай ғана адамдық болмысыңды сақтап қалу үшін атаның осы өсиетін тереңінен түсінсең, жетіп жатыр. Том-томдап кітап оқудың қажеті жоқ.
Әсілі, адами болмыс, адамгершілік жайлы айтқанда... Өзіңнің адами қасиетіңнің қай жерге жетіп жығылатынына жақсылап бір көз жіберіп алған жөн, ә...

***
Бұлар бар ғой - құмның үстіне сарай салғандар. Уақыт өте келе құм сусиды, сарай құлайды. Атақ деген шөптің үстіндегі шық секілді, күн шыққан соң-ақ жоқ болып кетеді. Атаққа сенуге болмайды...

***
Зауалды ұмытпаған жөн. Ол сені таппай қоймайды.

***

Қазақ Жаратушының құдіреті шексіз екенін, алланың барын "Құдайсыз қурай сынбайды" деген бір-ақ ауыз сөзге сыйдырып тастаған. Қазір технологияның дамыған заманы, адамзаттың қолынан келмейтін дүние жоқ, Айға да ұшты, тауға да шықты, жасамаған бәлесі жоқ, солай емес пе... Бірақ Жердің бетіндегі барлық ғалым атаулы, барлық адамзат жиналып бір түйір құмды жасай ала ма? Жоқ! Ендеше, бұл құдайдың құдіреті емей не? Жаратқанды түсіну үшін осы мысал ғана жетіп жатыр, жаным. Осыны түсінсең болды.
(Зейнеп апамның маған айтып жүретін әңгімелерінің бірі.

Айгүл Болатханқызы

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377