Сенбі, 23 Қараша 2024
4341 1 пікір 8 Маусым, 2017 сағат 12:56

Тегерандағы шабуылды "Ислам мемлекеті" мойнына алды

Members of Iranian forces run during a gunmen attack at the parliament's building in central Tehran, Iran, June 7, 2017. TIMA via REUTERS ATTENTION EDITORS - THIS IMAGE WAS PROVIDED BY A THIRD PARTY. FOR EDITORIAL USE ONLY. - RTX39E2X

"Ислам мемлекеті" тобы Тегеран парламентіне және Хомейни кесенесіне жасалған шабуылды мойнына алды. Шабуылдан 12 адам қаза тауып, (оның ішінде төртеуі жанкешті) 42 адам жараланған.

Иранның ішкі істер министрінің орынбасары Хосейн Зольфахари парламентке көшеден төрт адам кіріп, бірден күзетшілерге оқ атқан. Күзетшінің біреуі сол жерде көз жұмған, бірақ екінші күзетші шабуылдаушыға қарсы оқ атып, "жанкешті белбеуін" тақан бір адам қайтыс болған.

Қалған үшеуі парламенттің жоғарғы қабатына көтеріліп кеткен. Бірақ арнайы жасақпен үшеуінің де көзін жойған.

Хомейни кесенесінде жанкешті өзін жарып жіберген, бірнеше адам жараланған. Шабуылдаушының біреуі әйел болып шыққан, ол сол жерде ұсталған.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406