Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4566 7 пікір 11 Маусым, 2017 сағат 00:35

Сыртқы саясат деген қызық қой

Сыртқы саясат деген қызық қой. Кейде принціп жоқ...

АҚШ абсолютті монархиялы Сауд Арабияға 110 млрд долларға қару - жарақ сатады, бірақ ондағы демократияға көз жұма салады. Ал басқа елдерді кешірмейді. Саудия әлемде демократия индексінде 163 орында.

ДАИШ-тың құрылуына сырттай себепкер болса да, кейбір араб елдері тек Қатарды террорды қолдайсың деп айыптайды.

Сирияда ДАИШ-пен күресетін Түркия Қатарды қолдау үшін әскер жолдайды. Қатардың Сириядағы қарулы жасақтарға ақша жіберіп тұратыны "аса қызықтырмайды".

Сирияда ДАИШ-пен күресетін Ресей сол Қатарға дипломатиялық қолдау көрсетпек. Қатар Асадтың қарсыластарын қаржыландыратыны тағы маңызды емес.

Трамп Қатар терроризмді бұрыннан қаржыландырады деп айыптайды. Бірақ Қатарда АҚШ-тың ең ірі әскери базаларының бірі орналасқан.

P.S.
"Британияның мәңгі досы не жауы жоқ, оның мәңгі мүдделері бар" деген Черчилль сыртқы саясаттың принціптерін бір ауыз сөзге сыйғыза салған ғой.

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435