Сенбі, 23 Қараша 2024
4045 4 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 03:24

Владимир Путин: Ресей жыл сайын Қырғызстан бюджетіне 30 млн доллар бөледі

Мәскеуде Ресей және Қырғызстан президенттері Владимир Путин мен Алмазбек Атамбаев кездескеннен кейін, журналистер алдына шығып баспасөз мәслихатын өткізді.

Владимир Путин сөзінде Алмазбек Атамбаевпен биыл жоғары деңгейде үшінші рет кездесіп отырғанын айтты.

"Ресей Қырғыз экономикасына көмектесуін жалғастыра береді. Бұл қаржылық қолдау қайтарымсыз негізде. Қазір Ресей-Қырғыз даму қоры жақсы жұмыс істеп жатыр. Ресей жарғылық капиталына 500 млн доллар құйды", - деп атап өтті Ресей президенті. Ол сонымен бірге Қырғызстан мемлекеттік бюджетіне қолдау көрсету үшін жыл сайын 30 млн доллар бөліп отырғанын атап өтті. 2012 жылдан бері берілген гранттың көлемі 255 млн долларға жеткен. Атамбаевтың осы жолғы сапары барысында Ресей Қырғызстанның 240 млн қарызын есептен алып тастаған.

Владимир Путин сөздерін қорытындылай келе, ресейлік коммерциялық құрылымдардан да Қырғызстанға жүйелі түрде инвестиция түсіп жатқанын айтты. Оның сөздерінше, қырғыз азаматтарына Ресейде жұмысқа тұрып, медициналық және әлеуметтік көмек алуға жеңілдіктер қарастырылған.

Алмазбек Атамбаев өз кезегінде екі жақты қарым-қатынасты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтердік деп атап өтті.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383