Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 6156 9 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 10:25

Мырзан Кенжебай. Адам-Құдай

Жайлаған жерім – жалған, көгім жалған,

Жалғаннан келмей жатып көңіл қалған

Жанмын мен,

Біле-білсе бұл адамдар,

Шынында өлеңімен өмір жазған.

 

Жатса да әл-дәрменнің бәрі бітіп,

Дәмдіден кәде күткен сары мысық

секілді,

26 жыл болды міне,

Жоғалған елді іздеймін жанұшырып.

 

Бүгіннен өткен шақтың бағы басым

болғасын мына елге неғыласың

Бір бұлдыр болашаққа бет бұрғасын

Амал жоқ өткеніңді сағынасың.

 

Көргенде шенділерін шарай топтың

Кеп тұрар зәрді солай қарай төккім,

Алысып Адам-Құдай атаулымен

Білмеймін, мына күнге қалай жеттім?

 

Жас алсам жанарыма бірауық кеп

Ат қойды бұ жұрт маған жылауық деп.

Жыласам жылаймын мен: «Шенді иттерге

Адамша қарсы қарап тұрайық» деп

 

Ішінде жүрмін десем кіл мазақтың,

«Құдайға» емес, көнтабан құлға жақтым.

Бір жапырақ жүректің дірілімен

Келемін зарын айтып бұл қазақтың.

 

Қазақты бөліп ала, құласына

Кім екен басшы болған шығасыға?

Әнекей, хас тұлпарды пішіп тастап,

Тұғырдың бақыт қонды ұмасына

 

Қазақи еміренбесе ерен үнге,

Бұл елге перзент болып керегім не?

Одан да Адам-Құдай басымды алып,

Дөкейлер той өткізсін өлерімде.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3286