Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 5165 3 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 17:22

Атышулы Жамалиев бостандыққа шығады

Атышулы Жамалиев бостандыққа шығады. Осыдан бірнеше жыл бұрын кәсіпкер Қайрат Жамалиев жас жігіт Әліби Жұмағұловты аяусыз соққыға жығып ауыр қылмыс жасаған. Сот үкімі бойынша 13 жылға сотталған, дегенмен, Жамалиев рақымшылыққа ілініпті. Осы жылдың тамыз айында бостандыққа шығатыны белгілі болды.
Осы ретте белгілі заңгер Джохар Утекбаев «Facebook» желісіндегі парақшасында өз пікірін білдірді.

Джохар Утекбаев, заңгер:

-Жоғарғы сот өкілдері кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қылмыстық мерзім уақытын ақырындап 13 жылдан 6 жылға қысқартты. Естеріңізде болса, Жамалиевті Астана қаласында жас жігіт Әліби Жұмағұловты еріксіз қамауда ұстап, аяусыз күш көрсеткені үшін шығарылған шешім бойынша соттаған болатын. Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің ауыр қылмысқа баруына азаматша Айнұр Исинаға деген қызғанышы себеп болған. Мені заң алдындағы азаматтардың теңсіздігі алаңдатады. Ең сорақысы - жоғарғы сот өкілдері БҰҰ-ның халықаралық азаматтық және саясы құқықтар бойынша жасалған шешімін бұзып, қылмыстық әрекетке баруы. Ол қоғам алдында мойындалған шешімді аяққа таптап отыр. Қылмыстық іс Сот процессі кезінде кәсіпкер Қайрат Жұмалиевтің атымен жүргізілмеген. Кассациялық қаулы жасырын түрде жасалынған. Жұмалиевке қатысты жұмыс жүргізген сот өкілдері бізге анық емес. Тек баяндаушы сот Дәулиев Ержан ғана белгілі. Жоғарғы сот Жамалиевке қатысты ақтап шығарылған үкімнің себептерін қоғамға жариялауға тиіс. Ең қызығы – кассацияға қатысқан Бас прокуратураның әрекеті. Олар Жамалиевтің өтініш-хатына келісімін беріп отыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320