Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 5385 0 пікір 24 Маусым, 2017 сағат 20:06

Әлем қазақ жастарының тұңғыш форумы өтті

Бүгін Астана қаласында «Нұр-Отан» партиясы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесе отырып әлем қазақ жастарының тұңғыш форумын өткізді, – деп хабарлайды Abai.kz ақпараттық порталы.

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы аясында өткен бұл шараға «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құлмұхаммед пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Зауытбек Тұрысбеков арнайы қатысып, қазақ жастарына тілеулестігін білдірді.

Әлем қазақ жастары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласын қолдайтынын білдіріп, бұл форумды «Жастар рухани жаңғыруды қолдайды» деген тақырыпта өткізгенін айта кету керек.

Форум барысында «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құлмұхаммед 39 елден келген қазақ жастарының ой пікірін тыңдап, олармен пікір алмасты.  Жастар да өз тараптарынан форумда айтылған мәселелерге қызығушылықтарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, Мұхтар Құлмұхамед алдағы уақытта Ресейдегі қазақ жастарына қол ұшын созатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Ресейдегі «Мөлдір» мәдениет орталығына арнайы сый-жоралғы тарту етті.

Шетелдегі талантты қандастарды қолдау үшін өмірге келген «Нұр-Талант» бағдарламасын дамыту жайлы да сөз болды. Алдағы уақытта шетелдегі қазақ жастарына білім грантын беру мәселесі қарқын ала түсетіні айтылды.

Cондай-ақ, «Нұр-Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құлмұхаммед пен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Зауытбек Тұрысбековтер "Отандастар" қорына 1 млн. теңгеден аударатын болды.

Шыңғысхан Бердіқожа

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5849