Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Не дейді?! 7583 3 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 10:08

Бишімбаевтың дүние-мүлкі. Тергеудегі тізім

Мемлекет қаржысын қолды қылып (пара алып), қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сәтте тәркіленген дүние-мүлкінің тізімі жария болды.

Тергеу кезінде тіркіленген  ұзын-сонар тізімде:

-Алматы қаласындағы пәтері (2005 жылы ипотекаға алыпты);

-Астана қаласындағы пәтері (әйел, бала-шағасы тұрып жатқан үй);

-Тұтқындағы "болашақовец" Бишімбаевтың ата-анасы тұрып жатқан үй;

-Күдіктінің бауырына тиесілі автокөлік (2016 жылы сатып алынған), - бар көрінеді. Ресми тізім осылай көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айының басында Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты тұтқындаған.

Қуандық Бишімбаев "Болашақ" бағдарламасының түлегі еді. Мемлекеттік іс басқару саласындағы ең жас басшылардың бірі еді.

2016 жылы "Бәйтерек" холдингіндегі дауда басы қалып, сол жылдың желтоқсан айында Президент Назарбаев Бишімбаевты қызметінен босатқан. 2017 жылдың 13 қаңтары күні тұтқындалды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048