Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ауыс-түйіс 7244 6 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 14:45

Су жаңа сенаторлар кімдер?

Сенат депутаттарының сайлауы аяқталды. Бүгін таңертеңгісін басталған сайлау қорытындысы түс ауа белгілі болды. Додаға "допуск" алғандар арасынан 16 сенатор оқ бойы озып шығып, депутаттық мандатқа ие болды..

Сайлау у-шусыз өткен екен. Орталық сайлау комиссиясының жауапты хатшысы Бақыт Мелдешов солай депті. Ешқандай арыз-шағым түспеген.

16 өңірдегі Сенат сайлауының алдын-ала қорытындысы бойынша төмендегі кісілер депутат болды:

Ақмола облысы - Дәурен Әбілбеков;

Ақтөбе облысы - Мұхтар Жұмағазиев;

Алматы облысы - Нұрлан Қылышбаев;

Атырау облысы - Ғұмар Дүйсембаев;

Шығыс Қазақстан облысы - Дүсенғазы Мусин;

Жамбыл облысы -  Абдалы Нұралиев;

Батыс Қазақстан облысы - Нариман Төреғалиев;

Қарағанды облысы - Рысқалі Абдикеров;

Қызылорда облысы - Мұрат Бақтиярұлы;

Қостанай облысы - Жеңіс Нұрғалиев;

Маңғыстау облысы - Бақтыбай Шелпеков;

Павлодар облысы - Нұржан Нұрсипатов;

Солтүстік Қазақстан облысында - Ерік Сұлтанов;

Оңтүстік Қазақстан облысында - Әлімжан Күртаев;

Астана қаласы - Еділ Мамытбеков;

Алматы қаласы - Динар Нүкетаева депутат болып сайланды. (Тізімді BAQ.kz сайты жариялады)

Ресми дерек: Сайлауға қатысуға құқылы 3291 таңдаушының 3165-і қатысқан. Бұл орташа 96,2%-ды құрайды. Сайлауды 172 халықаралық байқаушы қадағалапты. Шетелдің 116 БАҚ өкілі ақпар таратқан және.

Жоғарыдағы тізім бойынша 16 депутат анықталды. Сенаттағы креслолар саны - 47. Олардың 15-ін Президент өзі тағайындайды десек, қалған 16 депутаттың кім екені әлі белгісіз.

Сенаттың су жаңа құрамына шақырту алған сенатор Мұрат Бақтиярұлы өткен шақырылымда да депутат болған еді. Ол кезде "Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің" мүшесі болды. Қызылорда облысынан додаға түскен-ді. Мұрат Бақтиярұлы Қазақстанның Заң шығарушы органының Жоғарғы палатасында қажырлы еңбек етіп келе жатқанын атап өтуді жөн көрдік.

Ескі Сенаттан қайта сайланған депутаттың бірі - Маңңыстау облысының үміткері - Бақытай Шелпеков.

Айтпақшы, Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі Ерік Сұлтанов мырза енді депутат. Рас, Ерік мырза әкімдік қызметтен - Парламентке ауысқан алғашқы шенеунік емес.

Алматы облысының әкімі болған Аңсар Мұсаханов да ескі шақырымды Сенатта өткізді.  Экс-әкімдер Мәжілісте де жоқ емес.

Сенаттың өзінде аудан басшылары болған азаматтар қаншама.  Ерік мырза да солардың санын еселей жүрер.

Алдағы уақытта Сенаттың 47 орынына отыратындардың толық тізімін жария етеміз.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048