Сымбат Сұлуова. Алматыдан Қабылға қандай ұқсастықтар іздеп жүр?..
ЕҚЫҰ-ның төріне төрт «т»-ны ( "траст" (сенім), "традишн" (дәстүр), "транспаренси" (ашықтық) и "толеранс" (төзімділік), сүйреп барған қазақ билігі Балқан түбегіне сығандарды қоныстандырып, Ауғаныстанды қайта құрып, саябыр тауып тұрған тыныштықты тұрақты етуді міндетіне алған болатын.
Ауған жеріне аялдай қалған бүгінгі бейбіт өмірдің мәңгілікке ұласарына өзгені қайдам, ЕҚЫҰ-ға төраға болғалы ресми Астана бек сенімді. Үстіміздегі жылдың маусым айында Қабыл (Кабул) қаласына барған Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ - ның іс басындағы төрағасы Қанат «Ауғанстанға енді инженерлер, дәрігерлер керек» деп қайтқан болатын.

Салы ұрып елге Саудабаев келісімен Қазақстан тарабының 2010-2014 жылдар аралығында жыл сайын Ауғанстан Ислам Республикасы азаматтарының қатарынан 200 адамды, оның ішінде 140-ын жоғарғы оқу орындарына, 60-ын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға қабылдайтыны әмбеге аян болды. Қазір Ауған жастарының алды С. Асфендияров атындағы Медакдемияда оқып жатыр. Қарасы жүзден асады. Елу ауғандық жас ҚазМҰУ-дың оныншы жатақханасында тұрып оқиды. Олардың шәкірт ақысы қазақстандық студенттерден екі есе артық. Жатақхана тегін. Жалпы ауғандық студенттердің Қазақстанда білім алуына мемлекет қазынасынан елу миллион доллар көлемінде қаражат бөлініп те қойғаны белгілі. Таяу болашақта аласапыранды Ауған жерінен келіп білім алушылардың жалпы саны елімізде бір мың адамды құрайды екен. Есесіне, Атажұртында жоғары білім алудан үміткер жастардың саны азайып бара жатқан көрінеді. Мәселен, Қытайдан 2006 жылы қазақтың мыңнан аса ұл- қызы оқуға талап білдірсе, 2009 жылы олардың бары үш жүзден аспай қалған. Аты-жөнінін көрсетпеуді өтінген бір оралман студент елге келіп оқуға ынталы жастардың саны Ауған жастарына бөлінген «квотаның» есебінен қысқарғанын айтады. Сонда дейміз-ау, Ауған жұртына инженерлер, дәрігерлер керек деп, өз ұландарымызды өгейсіткенен не ұтамыз? Қай қиырға шығамыз?!.
Оралман студенттердің елден алыстай бастауына тағы бір себеп - олар жоғарғы оқу орынын тәмамдаған соң қызмет таппай, әуіре-сарсаңға түсіп туып өскен жеріне, ауылына қайтады. Ауылына қайтып барған соң ондағы жұрттың ойы «Баламызды Қазақстанға жібергеннен пайда шамалы екен. Не анда жоқ, не мында жоққа» саяды. Сөйтіп ата-ана: «Шырағым, басты ауыртпай ханзуша білім ал, сол дұрыс», - деген шешім қабылдайды. Осылайша, қарқынды басталған қазақ көші де, көк байрақты баба мекенге асыққан жастардың талап тілегі де тоқырауға ұрынған сыңайлы.
Айтпақшы, ауған жастары Алматыдан Қабыл қаласына қандайда бір ұқсастықтар іздейтін көрінеді. О, тоба, олар сонда қандай ұқсастықтар іздеп жүр?..
«Абай-ақпарат»