Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
4343 0 пікір 18 Шілде, 2017 сағат 11:12

Қазақстан мен Қырғызстан тіркеусіз жүріп-тұру мерзімін ұзартты

15 шілдеде Қазақстан мен Қырғызстанда екі ел аумағында азаматтардың жүруіне қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Тіркеусіз жүру мерзімі бес күннен бір айға дейін созылды. Бұған дейін ол бес күн болатын.

Уақытша жүру мерзімі Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кірген уақыттан бастап жүргізіледі. 30 күннен асқан жағдайда тіркелу қажет болады.

Қырғызстандықтарды тіркеу 90 күнге жүргізіледі, одан соң тағы дәл осындай мерзімге создыруға болады. Дәл осындай ереже Қазақстан азаматтары үшін де қолданылады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Қырғызстанда тіркеусіз 30 күн, ал Қырғызстан азаматтары Қазақстанда тіркеусіз бес күн жүре алатын.

2016 жылы күзде екі елдің үкіметі жаңа келісімге келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1928
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2590