Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4481 0 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 08:26

Түркіменстанда ИМ мүшесі деген төрт күдікті ұсталды

Түркіменстан қорғаныс министрлігі дереккөзінің мәліметінше, Ахал облысында төрт күдікті ұсталған. Оларға "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы қатарында Сирия мен Иракта соғысқа қатысқан деген айып тағылған.

Дереккөздің мәліметінше, олар елге өткен айдың аяғында Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара арқылы кірген.

«Өткен айда Түркіменстанның Ауғанстан және Иранмен шектесетін шекарасында бөген бұзылған. Олар сол жерден өткен. Содан бері көне зиратты пана еткен. Оларды сол зираттан ұстады. Күдіктілер тағы бір сәтті кезді күтіп, Теджен немесе Мары ауданына кетуге дайындалған», - дейді Түркіменстан қарулы күштерінің офицері.

Офицер өзінің де күдіктілерді ұстау операциясына қатысқанын айтады. Оның сөздерінше, барлау қызметі соңғы айларда елге ондаған содырдың енгені туралы мәлімет берген.

«Қазір барлық шекара аудандарында 50 шақты адам жүр. Олардың 30-ға жуығын тұтқындаған. Қазір аймақтарды тікұшақ арқылы тексеріп жатыр. Содырлар жоғары технологиямен жасалған қару-жарақпен қаруланған», - дейді дереккөз.

Тағы бір дереккөз шекара аймақтарына қосымша әскери күштерді жібергенін хабарлайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052