Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 6500 9 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 09:27

«Астана ЭКСПО-2017»:  Ұлыбританияның қазақтың ұлттық стиліндегі павильоны

Ұлыбритания павильоны көрмеге келушілерді өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда. Қазақтың киіз үйі – әлемдік инновацияның негізіне айналған. Киіз үй стиліндегі британ павильонында 8 мың компьютердің көмегімен жасалған 17 метрлік проекция орналастырылған. Ал павильонның дәл ортасына киіз үй тігілген. Әдеттегі киіз үй емес, инновациялық үлгідегі. 200 шыныдан керілген керегесі қол тигізгенде панорамадағы сағат пен жыл мезгілі өзгеріп тұрады. Ұйымдастырушылар бұл арқылы табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты көрсетпек.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Британдық павильонның тақырыбы - «Біз - Энергиямыз». Павильонның жалпы аумағы екі мың шаршы метрді құрайды. Ол көрмедегі ең ірі нысандардың бірі . Мұнда кірген адамдар Ұлыбританияның тарихы мен жетістіктерімен таныса алады. Ал болашақ энергияны өндіру және қолдану саласында «графен» атты бірегей материалды таныстыру шараларына негізгі басымдық беріледі.

Ұлыбритания ғасырлар бойы күні бүгінге дейін инновациялық жаңалықтар ашуда әлемнің көшбасшысы болып отыр.

Ұлыбританияның шығармашылық пен инновацияның дамуына жасалған жағдайлар арасында әлемдік өрмектен электромагнитизмге дейінгі революциялық әлемдік кейбір жаңалықтарды ашуға және олар арқылы рентген технологиясының құрылуына, радио, телевидение, радиолокациялық, спутниктік байланыстар, паровоздардың бу қозғалтқыштары мен ұшақтарға арналған турбореактивтік қозғалтқыштардың жасалуы әлемдік сауданы дамытуға, ДНК-ның ашылуына және туризмнің дамуына зор үлес қосып отыр.

Ұлыбритания - энергия шығару мен сақтаудың жаңа технологияларын дамытудың негізгі орталығы. Энергетикалық қауіпсіздік жолын ұстанып, климаттың өзгеруіне қарсы әрекет іс-шаралармен қамтамсыз етеді. Бұл мемлекеттер  парниктік газдар шығарудың 2050 жылға дейін 80 пайызға азайтуға және кем дегенде жаңартылған энергия көздерінен 2020 жылға дейін 15 пайыз энергия алуды мақсат еткен. Сонымен қатар, Ұлыбритания – жаппай урбанизация мәселесін шешетін «ақылды қала» технологиясын дамыту аймағында әлемдік көшбасшы.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Ұлыбритания павильонының қызметкері    Гарет Стемп   : «Ұлыбритания – үлкен идеялардың орталығы. Біз әлемге ғылым мен техника саласында 78 Нобель сыйлығының иегеріміз. Бұл көрсеткіш – Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш. Біздің серіктестеріміздің арқасында әлемдік өндірісте инновациялық эко-жүйенің өркендеуіне жол ашылды. Біздің әлемдік өзгеріс жасауымызға негіз болған жаңалығымыз – графен болды. Графен болашақ ұрпақтың жаңаша өмір сүруіне мүмкіндік жасайтын, энергетиканың болашағын анықтайтын ғылыми жаңалық» деп ағынан жарылды.

Графен жаңалығы арқылы бұл ел ғылыми жетістіктердің көш басында тұр.

Графен дегеніміз – көміртегінің жаңа формасы. Ол металдан 100 есе қатты. Судың әсеріне төтеп беретін, мөлдір материал. Жылу мен электр тогын жақсы өткізеді. Осы ерекшеліктерінің арқасында графен ұялы телефондар мен компьютерлер жасауда қолданылатын кремнийді алмастыруы әбден мүмкін. Күні кешеге дейін графен әлемдегі ең қымбат материалдардың бірі болған. Алайда поляк ғалымдары оны арзан өндірудің жолдарын ойлап тапқан.

Графенді 2004 жылы Сэр Андре Гейм және Сэр Костя Новоселов есімді Манчестер университетінің екі ғалымы ашқан екен. Бір күні екі ғалым жабысқақ лентамен бірнеше графит үгінділерін аршыды. Олар кейбір үгінділердің басқаларына қарағанда жіңішкелеу екенін байқайды. Сөйтіп, олар үдерісті қайталай келе үгінділердің бір атом жіңішке болғанынша жасай берді.Осылайша алғашқы рет ғалымдар графенді оқшауландырды. Содан алты жыл өткен соң, олар 2010 жылы физикадан Нобель сыйлығын алды.

Бүгінгі таңда бұл ғалымдар Манчестер университетінде графен және 2D материалдарды зерттеу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ, көрмеге келушілер британ еліндегі энергетиканың даму тарихымен танысып, ғылыми ашылулар мен инновациялық жобаларды тамашалай алады. Биыл ағылшындар бүкіл энергияның жартысынан көбін жаңартылған энергия көздерінен алған. Бүгінде бұл ел инноваторларының алдында тұрған ендігі мәселе – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі. Алайда, бұл да өз шешімін табуда, – дейді сарапшылар.

Зарина Әділбек

Abai.kz

 

 

 

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339