Жұма, 22 Қараша 2024
5050 0 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:51

Бердімұхамедов ауыл шаруашылығына жүргізілген реформа нәтиже бермеді деді

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов он жыл бұрын үкіметтің ауыл шаруашылығы саласына жүргізген реформасы нәтиже бермеді деп мәлімдеді. Оның сөздерінше, Түркіменстанның бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігі болса да, бидай өнімдері мен ұнды шетелден сатып алады.

31 шілдеде өткен үкімет отырысында Бердімұхамедов мемлекет бұл саланың дамуына қажетті қолдау көрсетіп келе жатқанын, бірақ нәтижесі төмен екенін атап өткен. Ресми мәліметке қарағанда, биыл бидай өнімі жоспарлаған 1 млн 600 мың тоннаның орнына 1 млн тонна болған. Осы себепке байланысты вице-премьер мен облыс басшылары сөгіс алды.

Түркіменстан президенті ауыл шаруашылығы саласындағы кемшіліктерге тоқталып, атап айтқанда, егіс егетін алқаптың құнарлығы төмендеп, тұзды жердің көбейіп бара жатқанын мысал келтірген. Ол сонымен бірге алтын қордағы қаражат шетелден азық-түлік сатып алуға жұмсалып жатқанын да айтқан.

Маусым айының аяғында банкоматтарда қолма-қол ақшаның болмауынан, фермерлердің еңбек ақыларын ала алмай жүргені айтылған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333