Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 6690 0 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 12:51

Қысқа мерзімдік курстар үшін оқыту орталықтары белгіленді

????????????????????????????

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында биылғы жылдың сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соның 741-і жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді курстарды кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында ұйымдастыру жүйесі енгізілуде. Бұл мақсатта 5 оқу орталығы іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.

Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395