Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3851 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 07:41

Алматы облысындағы үздік әлеуметтік жоба

Биыл «Үздік әлеуметтік жоба» конкурсына 12 өтінім түсіп, «Жігер-М» қоғамдық бірлестігі жеңіп алды. Бұл бірлестік «Мүмкіндігі щектеулі жастарды қолжетімді спорт түрлерімен шұғылдануға баулу» жобасымен грантқа ие болды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Конкурсқа жобалар мазмұны, таныстыруы, ары қарай дамуы жағынан іріктелініп алынды. Әлеуметтік жоба болғандықтан барынша қоғамға ең қажеттісі таңдалынып алынды, яғни мүгедектерге мейлінше көмек беру. Жалпы  2014 жылдан бастап «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық және өңірлік деңгейде өткізіліп келеді. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталған», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Сәния.

Айта кетейік, әлеуметтік жоба облыстық байқаудан өткен соң, республикалық деңгейде сарапталынатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396